Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021

Халық саны екі есе өсті

235 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында Конституция күні қарсаңында ел Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасам­паздыққа толы жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Халық саны екі есе өсті

Іс-шараға жиналғандар өңір­дің тә­уел­сіз­дік жылдары жет­кен жетістіктері жа­йында пі­кір алмасты.

Еліміз тәуелсіздік алғалы Маң­ғыстау облысы халқының са­ны екі есе өскен. Бүгінде қазы­на­лы түбекте 720 мыңнан астам адам тұ­рады.

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов­тың айтуынша, халық са­нының көбеюіне байланысты қала­лар аумағы кеңейіп, жаңа ауыл­дар мен тұтас бір аудан пайда болды. Мұнайлы – елі­міз тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей шешімімен Қазақстанда құрылған алғашқы аудан. Ол кезде аудан халқының саны 53 мың бо­лса, осы күні Мұнайлы ауда­ны­ның 174 мың тұрғыны бар.

Тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде өңір­дің әлеуметтік саласында да оң өзге­ріс­тер орын алды. Мәселен, 1991 жылы өңірде 151 балабақша жұмыс істесе, 2020 жылға қарай олардың саны 311-ге жеткен. Сонымен қатар орта білім беретін мектептер саны 1,5 есе өскен. Қазір аймақта 140-тан астам мек­тепте оқушыларға білім мен тәрбие бе­рі­ліп жатыр.

Өңір басшысы С.Трұмов 30 жылда денсаулық сақтау саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, жоғары медициналық технологиялармен жабдықталған, тәлімі зор, тәжірибесі мол мамандары бар емханалар, ауруханалар ашылғанын айтты.

– Егемендік алғаннан бері об­лы­сымызда 150-ден астам ден­сау­лық сақтау нысаны іске қо­сыл­­ған. Озық үлгідегі Ана мен бала үйі, Қан орталығы, Кардио­хи­рургия орталығы мен Онко­ло­гиялық диспансер ашылып, ем алу үшін алысқа сабылатын тұрғындарға облыс аумағында емделіп, күрделі оталарды жасау­ға мүмкіндік туды. Былтыр же­дел жәрдем автопаркі 100%-ға жа­­ң­­арып, талапқа сай, қажетті ме­­ди­циналық құралдармен толық жаб­дықталған жаңа көліктер сатып алынды, – деді ол.

Маңғыстаудың шекаралық облыс ретінде транзиттік, көлік­тік-логистикалық және инфра­құ­рылымдық әлеуетінің артуы да тәуелсіздік алған соң кең кө­лемде жүзеге асырыла бас­та­ған жұмыс. Ел астанасынан шал­ғай­да, түбекте жатқан Маң­ғыс­тауда темір жолы, теңіз және авто жолдар қатар дамып, бү­гін­де тоғыз жолдың торабына ай­налды.

Тәуелсіздік тарихында тұң­ғыш рет Кавказ, Түркия арқы­лы Еуропа елдеріне жаңа бағыт ашылды. Үш мемлекетті жал­ғай­тын «Өзен – Берекет – Горган» ха­лықаралық темір жол дәлізі ашылды.

Маңғыстау облысы тұрғын үй құрылысы бойынша жақ­сы же­тіс­тіктерге қол жеткізді. Тәуел­сіз­дік алғалы бері Маң­ғыс­тауда 11 млн 333 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отыз жыл ішінде облыстың жалпы өңірлік өнімі 48 есе өсті. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш 23 есеге артқан. Жалпы, 2005 жыл­дан бастап Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті дамытудың оң динамикасы бай­қа­лып, соңғы 15 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 есе ұлғайған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қолдауымен өңірдегі ин­фра­құрылым жаңарып, жаңа жолдар салынды. Бүгінде мұ­най­лы өлке туризм орталығына ай­налып келеді.

Жиын барысында сөз алған облыстық қоғамдық ке­ңе­стің мүшесі Жәнібек Қожық тә­уел­­сіздік алғаннан кейін елі­міз­­де Ата Заңымыз қабыл­да­нып, шекарамыз белгі­лен­ген­­мен қатар тәуелсіз сана қа­лып­таса бастағанын айтады. Ол жа­­­сампаздық жолында Маң­ғыс­таудың да жеткен жетіс­тік­­тері аз еместігін тілге тиек етті. «Тә­уел­сіздік алғанға дейін Маң­ғыс­таудың бір де бір ауылында газ болған жоқ. Соңғы 20 жылда Маңғыстау 100 пайыз қамтылды. Бұл республика бойынша бірінші көрсеткіш», деді Ж.Қожық.

Биылғы мерейлі жыл аясында облыста «Ел игілігі үшін!» жобасы басталды. Жоба өңір тұр­ғындары үшін аса қажетті әлеу­мет­тік маңызы бар нысандар мен шараларды жүйелі іске асыру үшін жасақталған. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына әртүр­лі тартулар жасалып жатыр. Ауыл­дарда спорт кешендері, жаңа сая­бақтар ашылып, субұр­қақ­тар іске қосылды. Ақтауда Тұңғыш Пре­зидент саябағының құры­лы­сы басталды.

Жыл соңына дейін тағы бір­қатар өндірістік және әлеу­меттік-мәдени нысан­дар­­ды халық игі­лі­гі­не тапсыру көзделуде. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы 3 млрд теңгеге 102 шақырым жол салынып, орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізіледі. Жаңа оқу жылында еңселі мектептер мен балабақшалар пайдалануға бе­ріледі деп күтілуде.