24 Қаңтар, 2014

«Мәңгілік Ел» жастар қозғалысы құрылды

475 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Мәңгілік Ел» – ұлттық идея, ата-баба­ларымыздың арманы, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жоспары, халықтың жоғары тұрмыс деңгейі, бірлік пен тұтастық, жаңа қазақстандық патриотизмнің өзегі болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бүкіл Қазақстан халқын біріктіруші әрі ұйыстырушы рухани күш және әлеует. Алға қойылған осындай тарихи мақсаттар мен міндеттердің қиындығы және күрделілігін ескере отырып, осы негіздегі болашақтың та­быстарының игілігін көретін жастар екендігін ай­қын сезініп, М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері «Мәңгілік Ел» жастар қозғалысын құрды.

«Мәңгілік Ел» жастар қозғалысының мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған мақсаттар мен міндеттерді белсенді түрде жүзеге асыруға өз замандастарын тарту және олардың әлеуметтік-мәдени деңгейін көтеру арқылы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау, ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылықты нығайту, сонымен қатар жас­тар мен студенттердің терең білімге, заманауи ғылымға және ұлттық тәрбиеге құштарлығын арттыру жолында жұмыстар атқару арқылы Елбасының бастамаларына қолдау көрсету. Университет жастары кәсіпкерлік, ғылым мен білімнің жаңа әлемдік деңгейдегі жетістіктерін меңгеру арқылы, өздерінің бар ақыл-ойы мен күш-қуатын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына сүйене отырып, Тәуелсіздігімізді нығайтатынына кәміл сенімді. «Қазақстан жастары өз дарындылығы, іскерлігі және жаңашылдығымен ерекшеленеді. Олар барлық қиындықтарды жеңуге дайын. Біздің қозғалысымыз осы бағытта жастарымыздың арасында жаңа серпіліс тудыруға негіз болады деп санаймыз», дейді олар.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55