Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы кезекті Жолдауы туралы алдымен ғаламтордан қарап шықтым. Өйткені, жыл сайын Жолдауды күтіп жүреміз. Еліміздің экономикалық, ішкі-сыртқы саясатында қандай бағыт-бағдар айтылғанын білгіміз келеді. Елбасымыз биылғы Жолдауында еліміз үшін стратегиялық басымдықтарға маңыз беріпті. Жоспарлау туралы айтылғаны да менің көңіліме қонды. Нұрсұлтан Әбішұлының жыл сайынғы Жолдауының әрқайсысы еліміз дамуының жоспары секілді. Ол солай болды да. Алғашқы жолдауларында айтылған мәселелердің бүгінгі күні жүзеге асқаны бәрімізге аян. Еліміз айналасы 15-20 жылдың ішінде қаншалықты дамығанына әлем куә болып отыр, оған түрлі саладағы жаңалықтар, жаңа кәсіпорындар, инновациялық технологиялардың келуі, еліміз тұрғындарының тұрмыс деңгейінің көтерілуі кепіл болар еді.

Біз Қостанай облысының алыста жатқан Амангелді ауданындағы Үрпек ауылында тұрамыз. Елбасы ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Соның ырыздығын көріп отырмыз. Мал шаруашылығын дамытуға кірістік. Ол үшін бөлінген субсидия үлкен көмек болып отыр. Қазір Әулиекөл асыл тұқымды сиырының бұқаларын алып, малды асылдандыру жұмысын қолға алдық. Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту туралы тағы да айтылды. Расында, ауылда адамдарға тек шағын және орта бизнес жұмыс береді. Қазақта «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген сөз бар ғой. Амангелді ауданының орталығынан дүкен, жиһаз цехын, наубайхана ашқанбыз. Осының барлығында 42 адамды жұмыспен қамтыдық.
Егін мен мал шаруашылығындағы жұмыстарды да ауылдастар атқарады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс», деп атап көрсетті. Бұл пікір менің көңілімдегі ойды дөп басқандай болды. Еңбек еткенді бағалайтын адамға жұмыс жоқ деген сылтау ғана екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Елбасы Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейін дүниежүзіндегі үздік деген 30 елдің қатарынан көрінуін мақсат етіп қойды. Мемлекет басшысы бағыттаған жолмен жүрсек, оның да алынбайтын асу еместігін, жететін мұрат екені анық. Жолдау алыстағы ауыл адамдарын да жаңа іске серпілткендей болды.
Таңатар АХМЕТОВ,
«Нарбай» шаруа
қожалығының жетекшісі.
Қостанай облысы,
Амангелді ауданы.