Көрмеде бірегей фотосуреттер, тарихи құжаттар, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығы, сонымен қатар суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің суреттері ұсынылған.
Ашылу рәсіміне иордан жұртшылығының, дипломатиялық корпустың, сарапшылар тобының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
«Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов өзінің құттықтау сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешімі, Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған және соның аясында 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жарияланған ядролық қаруға қарсы бастамалары туралы хабардар етті», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.