Президент • 01 Қыркүйек, 2021

Президент Ауғанстандағы жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта жүктеу міндетін қойып отыр, деп мәлімдегенін хабарлайды Egemen.kz.

Президент Ауғанстандағы жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді

«Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің жалпы өсуі қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойып отыр. Қорғаныс қабілетін нығайту, жеделдікті арттыру, қауіп-қатерлерге ден қою да мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс», деп мәлімдеді Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында.

Оның айтуынша, сыртқы күйзелістерге және оқиғалар дамуының ең нашар нұсқасына дайын болу керек.

Мемлекет басшысы сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу ең өзекті болып отырғанын айтты.

«Стресс-тесттер жүргізіп, кез келген сценарийлерді пысықтаған жөн, соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспарлары әзірленіп, түзетілетін болады», деп атап өтті Президент.