24 Қаңтар, 2014

Экономика ғылымға сенеді

271 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Экономиканың ғылым мен бі­лім арқылы ғана биікке өрлей­тіні кү­ні кешегі Жолдауда айтылды. Ел­басы ел дамуының экономикаға тікелей байла­нысты екенін тағы да бәрі­міздің есімізге салды. Бұл – елі­міз­дің 2050 жылға қарай ба­ғыт алған үлкен жолы, ол жол бір мақсат, бір мүддені, бір бо­ла­шақ­ты көздейді. Ал еліміз­дің эконо­ми­калық даму жағ­дайын сараптайтын ғылыми тұжы­рымдар, ойлар, салмақты пі­кірлер қашанда аса қажет. Сон­дықтан, еліміз білім, ғы­лым са­ласына көп көңіл бөліп келеді.

Білім, ғылымның өзі – бала­бақ­шадан басталып, мектепке, жо­ғары оқу орнына дейін алып ке­ле­тін ұзақ жол. Жас ұрпақтың тәр­биеленуі, білім алуы, жоғары оқу орнына түсуі үшін елімізде бар­лық жағдай жасалған. Енді міне, біздің студенттеріміз үшін де Жолдаудан жақсы жаңалық ес­тілді, яғни, 2016 жылдан бас­тап сти­пендия 25 пайызға өсетін болды. Бұл жаңалық тек бүгінгі студент үшін ғана емес, алдағы жылда­ры студент атанбақшы ауыл-қалада оқып жүрген оқушы үшін де үлкен қуаныш. Оларға жігер, оқып-білім алуға талпыныс, сенім әкеледі.

Жалпы, жылдағы жолдаулар сияқты биылғы Жолдау да өмі­рі­міздің барлық саласын қам­ты­ды. Өзімнің ерекше әсер алға­ным, «Мәңгілік Ел» идеясы. Бұл идея бәрімізді де рухтан­ды­рады. Сту­дент жастарды патриот­тық сезімге же­телейді. Тәуел­сіздікке қол жет­кізген соң, бұл құндылықты сақ­тап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыру оңай емес. Ал дәл осы Елбасы айтып отырған «Мәң­гі­лік Ел» идеясы – жаңа ұғым. Ол ұлты­мызды ұйыстырып, бірлікке шақырып, болашаққа бет алған жолы­мыздың дұрыстығына бір­ден-бір кепіл бола алады.

«Қазақтың мәңгілік ғұмыры – ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың пер­зенті», деді Елбасы өз сөзінде. Біз­дің еліміз де дамып, өркендеп, бә­се­кеге қабілетті елдер, мемлекет­тер қатарынан орын алуы үшін ал­дымызға, міне, осын­дай ауқымды міндеттер жүкте­ліп отыр. Олардың бәрі де аса маңызды. Осы орайда, еліміз­ді жаңа үлкен серпілістер кү­тіп тұрғаны анық. Заманауи ғы­лым­мен бірге осы серпілістерді ба­ғын­дыра аламыз деген сенім зор.

Нұрғали АРШАБЕКОВ,

мемлекеттік педагогикалық

институттың ректоры.

ПАВЛОДАР.

Соңғы жаңалықтар