«Осыларға қоса экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту жұмыстарын жалғастыру керек. 2020 жылдың қорытындысы бойынша индустрияландырудың 10 жылдығында алғаш рет қайта өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытудағы үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асты. Қысқа мерзімді мақсаттардың ішінде 2025 жылға қарай қайта өңдеу экпортының көлемін 1,5 есе – 24 млрд долларға дейін, ал еңбектің өнімділігін 30 пайызға көтеру міндеті бар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.