24 Қаңтар, 2014

Мақсат айқын, ерік-жігеріміз бекем

291 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

IMG 4617Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы – Тәуелсіз елі­міздің тарихындағы бір-бір кезең. Ұзақ перспективаға белгіленген міндеттерді бір-бірінен ажыратып алып қарауға болмайды. Өйткені, алға қойылған межелер бір-бірімен тығыз байланысты, жыл сайын үдей жалғасып, халқымызды жаңа белестерге жетектеп келеді. Ең бастысы, онда болашақты бағ­дарлаған нақты мақсаттар көрі­ніс тапқан. Адам баласының алға ұмтылып, бүгінгіден ертең бақыт­тырақ болғысы келетіні табиғи заңдылық.

IMG 4617

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр жылғы Жолдауы – Тәуелсіз елі­міздің тарихындағы бір-бір кезең. Ұзақ перспективаға белгіленген міндеттерді бір-бірінен ажыратып алып қарауға болмайды. Өйткені, алға қойылған межелер бір-бірімен тығыз байланысты, жыл сайын үдей жалғасып, халқымызды жаңа белестерге жетектеп келеді. Ең бастысы, онда болашақты бағ­дарлаған нақты мақсаттар көрі­ніс тапқан. Адам баласының алға ұмтылып, бүгінгіден ертең бақыт­тырақ болғысы келетіні табиғи заңдылық.

Біз, бұқаралық ақпарат тара­тушылар, ел ішінде көп боламыз, олардың талап-тілегін біле­міз. Көрермендеріміз бен тың­дар­мандарымыздың осы Жолдауды қалай асыға күткенін көзімізбен көріп отырмыз. Осы тұрғыдан қарағанда, мені Жолдаудың, әсіресе, отандастарымыздың әлеу­меттік ахуалы жақсаруына қатыс­ты ақпарат қатты толқытты әрі қуантты да. Ең бастысы, әри­не, жалақы деңгейінің өсімі. Мем­лекет басшысы екі қолға жұмыс таба алмай жүргендерге назар аударуды ұсынды. Бұл тұрғыда жүргізіліп жатқан шаралар енді мүлде жаңа серпінмен дамытылуға тиіс. Әсіресе, мүгедектер, жәр­дем­ақыға өмір сүріп келе жат­қан және өзге де жандарға қолы­нан келетін жұмыс тауып беру қажеттігіне Президент атап тоқ­талды. Ал бұқаралық ақпарат құ­рал­дарындағы мәліметтерге қарағанда, олардың саны 600 мыңға жетіп отыр. Бұл өте орынды ұсыныс деп санаймын. Сонда ғана қорғансыз қалған жандарға лайықты жағдай жасай аламыз.

Қазір еліміздің Парламенті «Жас­тар саясаты туралы» заң жобасын қарап жатыр. Депутаттардың ел аймақтарына шығып, халықпен кездесулерінде сайлаушылар жас­тарға қолдау-көмек көрсету жайын жиі айтатын. Енді, міне, оған да қол жеткізілуде. 2016 жылдан бас­тап студенттердің стипендиялары 25 пайызға өсірілетін болды.

Біраз жылдан бері жалақы деңгейі өспегені, тиісінше, инфляция қарқын алып бара жатқаны – шындық еді. Жолдауды зерттей оқып отырсаңыз, ендігі жерде жалақыны өсіру инфляцияның орнын жауып қана қоймай, аза­мат­тардың еркін тыныс алуына мүм­кіндік бермек. Президенттің сөзінен естігеніміздей, қазіргі кезде ел тұрғындарының 97 пайы­зы әлеуметтік ахуалдың тұрақ­ты­лығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскендігін атап өткен.

Жолдауда ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай арттыруға байланысты мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясына зор жау­апкершілік жүктелді. Бұқара халықтың көптеген түйткілді мә­селе­лерін шешуде белсенді әре­кет етіп келе жатқан біздің пар­тия­мыздың да үлесі көп. Көріп жүргеніміздей, қабылдау бөлме­лері арқылы немесе кездесулерде қарапайым тұрғындардың мұң-мұқтажын жан-жақты қарап, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеумен қатар, олар­дың нақты шешімінің болуы да жіті қадағаланады.

Осы тұрғыдан келгенде, «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы бұл елдігіміздің онжылдықтарға ба­ғытын айқындап берген маңызды құжат болуымен қатар, жақын жылдарға не істеу керек деген міндеттерді мойнымызға жүк­теп отыр. Біз бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының жұмысын Жол­дау қағидаларына қарай қай­та құ­рып, түсіндіру, насихат ша­ра­ларын нақты мысалдар­мен, адамдар ортасында болып, әрбір қазақстандықтың мүд­десі тұрғысында жүргізуге тиіс­піз. Бұған мүмкіндік толық, жур­налистік тәжірибеміз де жет­кілікті. Осы орайда, шалғайдағы ау­дандардың, қиырда жатқан шағын елді мекендердің тыныс-тіршілігін зерттеп, олардың ой-арманын ор­таға салып отыру біз сияқты облыс журналистерінің борышы екенін жақсы түсінеміз.

01-ЦОН

Мемлекет басшысының биыл­ғы Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын міндеттердің әрбіреуі қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әрбір саналы азаматтың күнделікті қызметі мен тіршілігіне тікелей қатысты. Әсіресе, қоғамды алаң­датып келген қазақ тілінің мәсе­лесіне екпін беруі өте орын­ды болды деп ойлаймын. Прези­ден­тіміздің салтанатты түрде мә­лімдеген мына сөздері менің замандастарымның әрқайсының жүрегін тебіренткеніне кәмілмін. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды, – деді Елбасымыз. – Бұл мә­се­лені даудың тақырыбы емес, ұлт­тың ұйытқысы ете білгеніміз жөн». Ана тіліміздің болашағы жарқын боларына деген нық сенім осындай-ақ болар!

Ерлан ТОҚШЫЛЫҚ,

«Қазақстан-Петропавл» облыстық

телеарнасының директоры, Петропавл

қалалық мәслихатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар