Парламент • 01 Қыркүйек, 2021

Депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі тоқтатылды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Азат Сембиновтің  өкілеттігі өз өтінішімен мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

Депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі тоқтатылды

Фото: parlam.kz

Депутат өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Сембинов өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», деді Мәжіліс ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырысында.

Мәжіліс депутаттары оның өтінішін қолдады.

Мәжіліс спикері экс-депутатқа Алғыс хат табыстады.