Бүгінгі таңда облыста Ashyq жобасы бойынша 7894 объект жұмыс істейді. Барлық объекті бақылау топтарының бақылауында. Тексеру кезінде жұмыс алгоритмі бұзылған 945 нысан анықталды.
QR кодын сканерлегенде «қызыл» мәртебесі бар - 1275, «сары» мәртебелі 567 адам анықталды. Еңбекшіқазақ және Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай мен Талдықорған қалаларында 2 миллион 362 мың теңге сомасына 54 әкімшілік жаза қолданылды.