1 қыркүйек – Білім күнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Бурыл ауылындағы 300 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты.
«Бурыл ауылындағы осы мектеп заман талабына сай салынып отыр. Ешбір білім ошағынан кем емес. Облысымыз білім сапасы жағынан республикада алдыңғы орындарда. Сол биіктен түспеуіміз қажет. Оған осы жаңа мектеп ұстаздары мен шәкірттері де үлес қосады деген үміттеміз. Биыл Жамбыл Жабаевтың 175, Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойлары аталып өтіледі. Оған да білім саласының қосар үлесі мол. Биыл ел Президентінің тапсырмасына орай бірінші сынып бүлдіршіндері «Әліппе» оқулығымен қайта қауышып отыр. «Әліппе» бәріміз үшін ыстық», деді Б.Сапарбаев.