Байқау вакцинация арқылы студенттер арасында COVID-19 таралуына қарсы күрес, сондай-ақ жастар арасында шығармашылық кластерді қолдау мақсатында өткізіледі. Байқау жеңімпазы «Ідіріс Орынбасар атындағы қайырымдылық қорынан» 1 миллион теңге алады. Екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға – 200 мың теңге. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар үшін «Арена fitness», «Winox» фитнес-залдарының желілерінен және «Хлебный край» компаниясынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.
Байқау осы жылдың 5 тамызы мен 5 қазан аралығында өтеді. Оған елорданың орта арнаулы (колледждер) және жоғары оқу орындарының кәмелетке толған студенттері қатыса алады.
«Шарттар өте қарапайым: ниет білдірген қатысушылар 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін Google Forms арқылы Instagram желісінде @astana_jastary профилінің тақырыпшасына қатысуға өтінім жіберуі қажет. Содан кейін қатысушы Нұр-Сұлтан қаласындағы кез келген вакцинация пунктінде 5 тамыз бен 5 қазан аралығында екпе алуы тиіс. Ары қарай, вакцинация орнынан шығармашылық бейне-challenge түсіріп, оны Instagram және Tiktok-та таратуы керек. Жарияланымдардың астында хэштегтерді көрсетуді ұмытпаңыз: #stopCovid #молодежьзавакцинацию #nsjastary #astanajastary және челленджге тартылған қатысушылардың санын бақылау үшін жекелеген бір хэштег ойлап табу қажет. Байқау соңында ізінен ерген адамы көп бейнеролик авторы (бірінші, екінші, үшін орын) ақшалай сыйлық алады.