TOKYO2020 • 01 Қыркүйек, 2021

Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл Қазақстан құрамасының бесінші медалі, деп жазады Egemen.kz.

Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды

Фото: www.paralympic.kz

Нұрдәулет Жұмағали 1: 05.20 есебімен үшінші болды. Әлемдік рекордқа ие «алтынды» неміс Тализо Энгел жеңді (1: 02.97), күміс жүлдегері АҚШ-тан Дэвид Авраамс болды (1: 04.38).

Тағы бір отандық жүзуші Нұрәлі Советқанов сегізінші болды (1: 10.99).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық паралимпиадашылар төрт медаль жеңіп алған еді: бір алтын (Давид Дегтярев, пауэрлифтинг) және парадзюдодан үш күміс медаль (Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина). Жұмағалидің қоласы бесінші жүлде болды.

2020 жылғы Паралимпиада 5 қыркүйекке дейін жалғасады.