24 Қаңтар, 2014

Индустриялық аймақ құрылады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде өнеркәсібі дамулы болған Абай қаласы сол мәртебесін қайта оралтып келеді. Соңғы жылдары бұрынғылары жаңғыртылып, жаңа өндіріс орындары ашыла бастауына арнайы индустриялық аймақ құрылмақтығы одан сайын үлкен мүмкіндік жасағалы отыр. Онда жергілікті кәсіпкерлер мен орта және шағын бизнес өкілдері өз жобаларын іске асыра алатын болды. Бұл үшін 18 гектар жер бөлініп, инженерлік коммуникация­лар тартылып, несие алуға көмек көрсетіледі. Осындай шаралар жөнінде Абай аудандық әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы арасында меморандумға қол қойылды.

Бұл моноқалаларды дамы­ту бағдарламасы бойынша белгі­лен­ген істердің бірі. Өндірісті өркендетуге қолайлы жағдай бар. Шағын шаһар іскер топтарына жеке индустриялық аймақтың құры­луы ой-мақсаттарына кең серпін туғызды. Соған орай бұл күнде тиісті бизнес-жоспарларын ұсынушылар көп.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы.

Соңғы жаңалықтар