24 Қаңтар, 2014

Ықпалдастық жалғасы

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрі Анатолий Черный бастаған делегациямен кездесті. Делегацияның құрамында Беларусьтің жетекші жобалау-инженерлік ұйымдары мен құрылыс кешені кәсіпорындарының өкілдері бар.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының өңірлік даму салалық бағдарламалары шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға беларусьтік құрылыс кешендерін тарту перспективаларын қозғады.

Болат Жәмішев кездесу барысында ведомстволар арасындағы қарым-қатынас сындарлы үнқатысу мен нақты уағдаластық арқасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жаңа деңгейге қол жеткізілгенін атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мен Беларусь Рес­пуб­ликасы Сәулет және құрылыс министрлігінің арасында құрылыстағы бағаның құрылуы саласындағы ынты­мақтастық туралы келісім (қол қою) қарастырылды.

Болат Жәмішев аталған келісім екі республикадағы бағаның құрылуы жүйесіндегі реформаның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне және құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша бірыңғай әдіснамалық тәсілді әзірлеуге көмектесетініне сенім білдірді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар