Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, 51 салмақ бойынша жұдырықтасқан боксшыларымыз жалпы саны 47 медаль жеңіп алды (19 алтын, 15 күміс және 13 қола). Оның ішіндегі 11 алтын, 6 күміс пен 5 қола жастар, қалғаны жасөспірімдер құрамасына тиесілі.

Жасөспірімдердің аяқ алысы жаман емес
Биылғы жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында (ASBC) құрлық біріншілігінде 51 жаңа жеңімпаздың есімі анықталды (25 қыз бен 26 ұл). Бұл – салмақ дәрежелерінің саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Сары құрлық біріншілігіне ең көп боксшы Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан құрамаларынан қатысты.
Биылғы біріншіліктің тағы бір ерекшелігі, тарихта бірінші рет бір чемпионатта екі буынның (жас ерекшелігіне қарай) өкілдері шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда, 2003 пен 2004 жылы туғандар жастар арасында бақ сынаса, 2005-2006 жылы туған боксшылар жасөспірімдер арасында кім мықтыны анықтады.
Финалдық жекпе-жектерді алдымен Аркадий Топаев баптайтын жасөспірімдер құрамасы бастап берді. Бұл сында Қазақстан құрамасының жеті өкілі финалға шығып, оның төртеуі Азия чемпионатында атой салды. Атап айтар болсақ, барлық қарсыласынан басым түскен Дамир Байпақов (46 кг), Төрехан Сабырхан (52 кг), Адайбек Ниязбаев (54 кг) және Бақтияр Анарбаев (57 кг) тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Ал финалда қарсыластарына есе жіберген Ислам Советов (66 кг), Мохаммед Аттия-Хамед (81 кг), Ердос Шәріпбек (+ 81 кг) күміс жүлдені мойындарына тақты. Азия біріншілігінің жартылай финалында жеңілген Айдар Қадірхан (48 кг), Илья Калинин (50 кг), Мадияр Тайпақов (60 кг), Виктор Литвинов (70 кг) пен Дәулет Төлемісов (75 кг) чемпионатты қола жүлдемен қорытындылады.
Осылайша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен олар жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Алдымызда – Өзбекстан боксшылары. Олар 6 алтын медаль олжалады.
Сонымен қатар Елдос Сайдалин жетекшілік ететін қыздар арасындағы жасөспірім боксшылар да жалпы есепте екінші орынға қол жеткізді. Жерлестеріміз ел қоржынына 4 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде салды. 6 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алған үндістандық қыздар Азия біріншілігін бірінші орынмен аяқтады. Ал Өзбекстан құрамасының боксшылары 3 алтын және 3 күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстан құрамасы сапынан Виктория Байдукова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Аружан Жаңабаева (66 кг) және Үміт Әбілқайыр (81 кг) Көк туымызды көкте желбіретсе, Еңлік Бостыбаева (50 кг), Томирис Мырзақұл (52 кг), Әсем Таңатар (60 кг), Әйгерім Қабдолда (63 кг), Ажар Түркістанова (75 кг), Шұғыла Рысбек (+ 81 кг) – күміс, Элянұр Тұрғанова (46 кг), Анита Адишева (48 кг) және Бақыт Сейдиш (70 кг) қола медаль иеленді.
Жастарымыз – Азияда алдыңғы қатарда
Сәуір айында Польшаның Кельце қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреген Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемпионатында да өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Аса жеңіл салмақта Кельцеде әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай Дубайда да жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Финалда үндістандық Вишванат Суришті 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Түркістан облысының тумасы осылайша бір жыл ішінде әлем біріншілігінде де, Азия чемпионатында да топ жарды. Ал әлем біріншілігінде күміс жүлде еншілеген Елнұр Сүйінбай (63,5 кг) Біріккен Араб Әмірліктерінде сары құрлықтың алтын медалін мойнына тақты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Әбдіғәлі Әбдікерім (57 кг), Ерасыл Ермек (60 кг), Абзал Серік (67 кг), Бақберген Әлиасқаров (75 кг) және Темірлан Мұқатаев (86 кг) Азияда теңдессіз деп танылды.
Өкінішке қарай, финалдық айқаста қарсыластарына жол берген ауыр салмақтағы Мәди Әміров (92 кг) пен аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай (+ 92 кг) күміс медальды қанағат тұтты. Екі жерлесіміз де финалда өзбекстандық қарсыластарынан жеңілді. М.Әміров Нусратбек Тохировтан басым дауыспен (2:3), Д.Сапарбай төрешілердің бір ауыз шешімімен (0:5) Жахонгир Зокировтан ұтылды. Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген Арман Алматұлы (71 кг) мен Дәурен Мамыр (82 кг) Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Осылайша, Қайрат Сәтжанов жетекшілік ететін Қазақстанның жастар құрамасы Дубайдағы доданы 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен қорытындылады. Осы нәтижемен жалпыкомандалық есепте көш басына шықты. 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан жастар құрамасы екінші орынға табан тіресе, үздік үштікті Үндістан боксшылары түйіндеді. Олар 2 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль олжалады.
Тағы бір айта кетерлігі, Елнұр Сүйінбай жастар арасындағы Азия чемпионатының ең үздік боксшысы деген атаққа ие болды.
Елдос Сайдалин жаттықтыратын жастар арасындағы Қазақстан қыздар құрамасы да барлық салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Финалдық сайыста жұдырықтасқан Милана Аюпова (63 кг), Аида Сарыбарова (81 кг) және Диана Магауяева қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақса, финалда сүрінген Айшагүл Елеубаева (54 кг), Жұлдыз Шаяхметова (60 кг), Гауһар Шайбекова (70 кг) мен Дана Дидай (75 кг) күміске қол жеткізді. Ал Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Гүлнар Тұрапбай (52 кг) және Шахназ Исаева (57 кг), қола медальды қанағат тұтты.
Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы алдына жан салмады. Олар 5 алтынды олжалап, үздіктер қатарынан көрінді. Екінші орындағы Үндістан қоржынында 4 алтын бар. Қазақстан құрамасы үш алтынмен үшінші сатыға жайғасты.
СУРЕТТЕ: чемпионаттың
«Ең үздік боксшысы» атанған
Елнұр СҮЙІНБАЙ
Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:23
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен
Қоғам • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:55
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:43
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Қоғам • Бүгін, 15:32
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Еліміздегі ақылы автотұрақтарға өзгеріс енгізілді
Елорда • Бүгін, 15:05
Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады
Қоғам • Бүгін, 14:23
ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі
Қоғам • Бүгін, 13:52
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығынын кім төлейді?
Қоғам • Бүгін, 13:28
Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:09
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:35
Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Есірткі сататын 655 сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:09
4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Елімізде бір аптада 3,1 мың қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 11:38
Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Ұқсас жаңалықтар