Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Мәулен Әшімбаев: Жалпыұлттық күн тәртібінің негізгі басымдықтары

99 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялап, еліміздің алдында тұрған негізгі басымдықтар мен мақсат-міндеттерді анықтап берді.

Мәулен Әшімбаев: Жалпыұлттық күн тәртібінің негізгі басымдықтары

Осы ретте, алдымен биылғы Жол­даудың нақтылығын атап өт­кен жөн. Президентіміз корона­ви­­рус пандемиясын және соның сал­­дарынан болған экономикалық дағ­да­рысты еңсерудің, сондай-ақ қазақ­­стандықтардың әл-ауқа­тын арт­­тырудың нақты жоспарын жа­сап берді. Жаңа құжатта қазір­­гі таң­да қоғамды алаңдатқан ма­­ңыз­­­ды мә­­селелер қамтылған және олар­­­ды шешу жолдары ұсынылған.

Жолдауда белгіленген басым­дықтар Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын дәйекті түрде іске асыруды көздейді. Бі­рінші кезекте, шағын және орта бизнесті кең көлемде қолдау ша­ра­лары әрі қарай жалғасады. Пре­зидентіміз «Қарапайым зат­тар экономикасы» және «Бизнес­тің жол картасы» бағдарла­ма­лары­ның тиімділігін атап өтіп, олар­­д­ың мерзімін әрі қарай ұзар­ту­ды тапсырды. Соған сәй­кес қазақстандық бизнесті қол­дау жалғаса береді.

Мемлекет басшысы соңғы кезде бюджеттің шығыс бөлігіндегі міндеттемелерді орындау үшін бюджет тапшылығы ұлғайып, Ұлттық қордан алынатын трансферттер көбейіп бара жатқанына назар аударды. Соған байланыс­ты бюджеттік тәртіпті сақтау қа­жеттігін айтты. Бұл мәселе Сенат отырыстарында бюджетті қарау кезінде бірнеше рет көтеріл­ген еді. Одан бөлек, ел Прези­денті Үкімет пен Ұлттық банкке мем­лекет қаржысын басқаруды рет­тей­тін бөлек Тұжырымдама әзір­леуді тапсырды.

Жолдауда әлеуметтік проб­лема­ларға айрықша басым­дық берілген. Оған індеттің халықтың табысы мен әлеуметтік ахуалына айтарлықтай зардабын тигізуі себеп екені сөзсіз.

Осы ретте, Мемлекет басшы­сының ең төменгі жалақыны 42 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру, қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге жеңілдіктер беру, еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені азайту және бизнес үшін бірыңғай төлем енгізу сияқты бастамалары қазақстандықтардың табысын арттыруға арналып отырғанын айтқан абзал.

Президентіміздің мектептер­дегі орын тапшылығын жою бо­йынша берген нақты тапсырмасы да өте өзекті. Соған сәйкес 2025 жылға дейін салынуға тиіс мектептер саны 800-ден 1000-ға дейін көбейтілді. Жолдауда зей­нетақы жинақтарын пайдалану арқылы қазақстандықтардың тұр­ғын үй мәселесін шешуге ар­налған қосымша шаралар да айтылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы инфляцияны 4-6 пайыз дең­гейінде ұстап тұру туралы нақ­ты тапсырма беріп, азық-түлік бағасының бақылаусыз өсуіне жол бермеу қажеттігін айтты.

Жолдаудың ауқымды бөлігі өңірлер мен ауыл-аймақты дамыту мәселесіне арналған. Сена­торлар негізінен өңірлердің өкіл­дерінен сайланатындықтан, Мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмалары біздің Палата үшін аса маңызды.

Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтай­ландыру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тең­сіз­дікті азайту және олардың қар­жы­лық дербестігін арттыру бо­йынша тапсырмалар берілді. Елі­міздің ішкі байланысын жақсарту үшін көлік инфрақұрылымына қатысты бұған дейін басталған барлық жобаны аяқтау керектігі де айтылды.

Мемлекет басшысы су ресурс­­тарын үнемді пайдалану мә­селесіне назар аударып, тиіс­ті органдардың алды­на су инф­рақұрылымын жаңғыр­ту, өнеркәсіп пен экономиканы эко­ло­гиялық тазарту және еліміз­дің энергетикалық қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету міндет­терін қой­ды. Жолдауда ауыл тұр­ғын­дарын алаңдатып отырған жайы­лым­дық жерлермен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды.

Президентіміз мемлекеттік аппаратқа ебін тауып орнында отыра беруге және тапсырмаларды орындаудан жалтаруға ешқандай жол берілмейтінін шегелеп тұрып айтып, негізгі басымдықтарды нақты көрсетіп берді. Қазіргі таңда еліміз даму­дың шешуші кезеңіне қадам бас­ты. Сондықтан мемлекеттік аппа­рат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті.

Бұл ретте Парламентке де Пре­­­зи­­дент бастамалары мен тап­­сыр­маларын іске асыруға арнал­ған заң­дарды дер кезінде қабыл­дау мін­деті жүктеліп отыр. Пар­ла­мент Сенаты осы бағыт­та бар­лық мүд­делі тараппен бір­лесіп жұ­мыс істеуге және Мем­лекет басшы­­­сы­ның елімізді жаңғырту бағ­­­дарын іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.