Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Әл-ауқатты жақсартуға бағытталған

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үшінші Жолдауында экономика мен мемлекеттік секторды цифрландыру процесін қайта жүктеуді міндеттеді.

Әл-ауқатты жақсартуға бағытталған

Денсаулық сақтау мен білім салаларына ерекше көңіл бөлінді. Қасым-Жомарт Тоқаев нақты бастамаларды атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқаты­на оңтайлы әсер етеді. Төрт жыл ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 20 пайызға арттыру – 600 мың қазақстандықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі деген сөз. Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы Банк» шотына аудару тұрғын үй сатып алу ісін оңтайландырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың төртінші пакетін ұсынды. Бұрын тек партиялық тізімдерге қатысты қолданылатын депутаттық мандаттарды бөлгенде, әйелдер мен жас­тар үшін 30 пайыздық квотаны заңна­малық тұрғыдан бекіту міндеті қойылды.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, квотаға мүмкіндігі шектеулі адамдарды енгізу­ді ұсынды. Балаларға қатысты жыныс­тық қылмыстарға қарсы іс-қимыл­ды күшейтуге назар аударуды тапсырды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

Соңғы жаңалықтар