Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасып келген бұрынғы балабақша күрделі жөндеуден өтіп, «Балауса» деген әдемі атты иеленді. Оның ашылу салтанатына аймақ басшысы Самат Ескендіров қатысып, 80 орынға шақталған мектепке дейінгі тәрбие ошағына пианино сертификатын табыс етті.

Әкім № 23 мектеп жанынан бой көтерген жаңа хоккей кортында өткен қалалық турнирді тамашалады. «Тұлпар» балалар және жасөспірімдер клубының мүшелеріне жаңа формалар тарту етті.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жергілікті филиалы жанынан шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Бұдан былай «бір терезе» қағидатымен бизнеске қатысты барлық ақпараттарға жауапты осынан алуға болады. Республикалық қор басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова банк, бизнес-қауымдастық, даму институттары өкілдеріне бухгалтерлік есеп және салық салу, кедендік ресімдеу, маркетингтік зерттеулер, IT-технология, тағы басқа мәселелер бойынша қызмет көрсетілетінін айтып берді. Сондай-ақ, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша дәріс беріледі. Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру курстары тегін ұйымдастырылады. Ол үшін арнайы кабинет бөлінген. «Жас кәсіпкерлер» клубын ашу жоспарланған. Мұнда кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-тың бөлімшесі, халыққа қызмет көрсету орталығы да орналасады.
Л.Ибрагимова республикалық «Алтын сапа» конкурсына және «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесіне қатысқан кәсіпорын жетекшілеріне Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алғыс хаттарын тапсырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.