Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Іргелі әрі ізгі істер жоспары

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы маған жақсы әсер қалдырды. Өйткені онда елімізді толғандырған көптеген мәселе бойынша кешенді шаралар бағдарламасы ұсынылды.

Іргелі әрі ізгі істер жоспары

Коронавирус індетін, оның қаупін аман-есен еңсеру, барлық бюджеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру, шағын және орта бизнесті қолдау, сая­си реформаларды жалғастыру, жас­тарды ынталандыру, басқа да кезек күт­тірмейтін шаруалар қолға алынбақ.

Ерекше атап өтерлігі – сөз болған әрбір міндет жалпылама уәде емес, нақты сандармен, қабылдануға тиіс заңдық актімен толықтырылғаны. Олай болса, олардың іске асуын қоғам өзі бақылай алады.

Орныға бастаған осы тәжірибе қазірдің өзінде оң нәтижелерін беріп отыр. Мәселен, өткен жылғы Жолдауда берілген тапсырмалар жемісін бүгінде көптеген азаматымыз сезініп үлгерді. Олардың ішінде жалақысы 25-50 пайызға өскен ұстаздар мен дәрігерлер, зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалану арқылы бір миллионнан астам отандасымыз тұрғын үй жағдайын жақсартып алғаны, партияға кірмей-ақ жеке тұлғалардың сайлауға түсуі сияқты игі істер аз емес.

Десе де биылғы Жолдау тек ағымдағы мәселелерді шешу ғана емес, сондай-ақ болашаққа қарай бой түзеген істердің жоспары болып саналады. Бұл бағытта да талай батыл да заманның талабына сай міндеттер қойылды.

Солардың ішінде өзіме ерекше ұнаған үше­уін ғана атап өткім келеді. Біріншісі, 2025 жыл­ға қарай жаңадан 1000 мектеп ашу. Екін­шісі, бәсекеге қабілетті IT саласы­ның 100 мың маманын даярлау. Үшін­­­шісі, Қазақстанның 10 ірі қаласын, Ал­­ма­­ты­­ны қосқанда, экологияға зиянды к­ө­мі­р­ден газ бен жасыл қуат көздеріне аудару.

 

Расул ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы