
Нақты істер мен ұсыныстар
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын тыңдап, өз пікірлерін білдіріп жатқан әріптестермен әңгімеміз көтеріңкі күйде өрбіді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдаудан түйген ой көп.
Біздің кітапхананың 23 филиалы, 85 қызметкері қала аумағында оқырмандарға қызмет көрсетеді. Яғни қала тұрғындарының пікіріне де қанықпыз. Пандемиядан кейінгі экономикалық ахуалды түзетуге бағытталған нақты істер, ауыл шаруашылығындағы ахуал, жайылымның жайы, биылғы құрғақшылықтан алынған сабақтар, бұл орайда аса маңызды 120 каналдың қайта жаңғыртылуы, жаңадан 9 су қоймасының салынуы сынды бастамалар мен айқын мақсаттар көпшіліктің қолдауын табуда. Індетпен күрес басты орынға шыққан бүгінгідей уақытта денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру маңызды. Әріптестерім, яғни кітапханашылар халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар мотивация беретінін, ертеңгі күнге сенімді нығайтып жігерлендіре түсетінін айтуда.
Нүрила ЖҰМАНОВА,
Шымкент қалалық Абай атындағы
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры
Мәдениет – руханияттың діңгегі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Бұл құжат әлем мемлекеттеріндегі түрлі саяси ахуал мен еліміздегі болып жатқан жағдайлардан көңілі күпті болған халықтың көкейіне үміт пен сенім ұялатқандай болды.
Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын көтеріп, медицина мен білімге тың серпін беретін мәселелер қамтылған. Сондай-ақ өзім мәдениет саласының қызметкері болғандықтан, осы саладағы мамандардың жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 20 пайызға көтерілетініне ерекше қуандым. Мәдениет – руханияттың алтын діңгегі, сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымызды насихаттаушы. Мәдениет саласында қызмет ететін мамандарға қолдау көрсету олардың еркін көсілуіне жол ашады. Кітапханашылар Жолдаудың халық арасында кеңінен насихатталуын жүзеге асыратын боламыз.
Гүлнұр Алтынбекова,
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары
Еңбегіміз еленетін болды
Жолдаудан жақсылық күтетініміз рас. Бұл жолы да Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды мәселенің басын ашып айтты, Үкіметке тиісті тапсырмалар берді.
Әрине, кітапханада қызмет ететіндіктен, мәдениет саласы мамандарының жалақысы жөнінде айтқаны бәрімізді елең еткізді. Себебі көп жылдан бері кітапхана қабырғасында аз ғана жалақыға жұмыс істеп жүрген мамандарымыз бар. Керісінше, жалақыны азсынып, жұмыстан кетіп жатқан білікті, білімді жастарымыз қаншама?! Сондықтан да бұл мәселеге Президенттің назар аударғаны шын қуантты. Әсіресе кітапхана, мұрағат, музей қызметкерлеріне қосымша табыс табуға мүмкіндік болмайды. Болмаған соң да бір жалақымен жан бағуға мәжбүр. Алайда олардың руханият үшін сіңіріп жүрген еңбектері орасан. Мемлекет басшысы назар аударды, міне. Ертеңгі күні жалақы көбейіп, әлеуметтік әл-ауқатымыз артып жатса, еңбегіміздің жемісі де екі еселенері сөзсіз.
Жолдауды оқып отырсақ, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әр жолы маңызды.
Жанат Жиенбекова,
Оралхан Бөкей атындағы
Өскемен қалалық кітапханасы директорының орынбасары
Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі
Қазақстан • Кеше
Екінші сессия: маңызды шешімдер мен мазмұнды заңнамалар
Үкімет • Кеше
Күмбірле күн астында, домбыра-рух
Руханият • Кеше
Маңғыстаудың экологиясы «боздап» тұр
Экология • Кеше
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Жаңа сын-қатерлер сыртқы саясаттан сергектікті талап етеді
Қазақстан • Кеше
Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
АҚШ Еуропадағы әскери күштерін нығайтуда
Әлем • Кеше
Тартымды жобаларға инвестор дайын
Экономика • Кеше
«Тур де Франс» додасы басталды
Спорт • Кеше
Экономика • Кеше
Мектеп асханасында – мейрамхана бағасы...
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Күй ойнайды қазағымның қанында»
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мүлік кепілін бес минутта шешуге болады
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
Медицина • Кеше
Туризм • Кеше
Президент АЭС саларда Түркияның тәжірибесін зерделеуді тапсырды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады
Қазақстан • Кеше
ШҚО-да заңсыз аң аулаудың 11 дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Электр энергетикасы туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Экоминистрліктің кадр саясаты қалай жүруде?
Экономика • Кеше
Түркістанда суға батып кеткен үндістандықтар әлі табылған жоқ
Аймақтар • Кеше
Ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан басталды
Руханият • Кеше
Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Аймақтар • Кеше
Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Кеше
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Кеше
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар