24 Қаңтар, 2014

Кәсіпкерлер клубы жұмысын бастады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жана дәуір кәсіпкерлері» клубы облыстық кәсіпкерлер палатасында өзінің бірінші отырысын өткізді. Қазіргі таңда бұл клубқа 25 кәсіпкер кіреді. Олардың арасында жұмыс істеп жатқандармен қатар өз ісін жаңадан бастағандар да бар. Алғашқы отырысқа жиналғандар клубтың хатшысы мен оның орынбасарын сайлап алды. Сондай-ақ, 2014 жылғы жұмыс жоспарын қарады.

– Біздің міндетіміз кәсіпкер­лерге қажетті көмек көрсету, олардың құқықтарын қорғау болып табылады. Клуб мүшелері өздерінің жұмыс барысында кездескен проблемаларын ор­таға салды. Сондықтан ал­дағы отырысымызға оларға өзі­­нің іскерлік кеңестерімен кө­мектесетін кәсіпкерлік сала­сын­дағы тәжірибелі кеңесшілерді шақыруды ұйғарып отырмыз, – дейді облыстық кәсіпкерлік палатасының әлеуметтік сарапшысы Әсем Қасым.

Клуб мүшелері өз бизнесін кеңейту үшін қандай қаржыландыру және мемлекеттік қолдау түрлері бар екенін біле алады. Мұнда оларға бизнес-жос­пар жасауға, салықтық және кедендік заңдылықтарды сақтауға, өз ісін дұрыс жүргізуге көмек көрсетіледі.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар