TOKYO2020 • 02 Қыркүйек, 2021

Паралимпиада: Зүлфия Ғабидуллина финалға шықты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық паражүзуші Зүлфия Ғабидуллина Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада алдын ала 50 метрге еркін қашықтықта (S4) бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.

Паралимпиада: Зүлфия Ғабидуллина финалға шықты

Спортшы қашықтықты 44,57 секундта бағындырды. Нәтижесінде өзінің стартында төртінші және жалпы біліктілік есепте сегізінші болып, ақтық сынға өтті.

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де өтеді.

Еске салайық, Зүлфия Ғабидуллина - 2016 жылғы Паралимпиада мен 2018 жылғы Паразиялық ойындардың 100 метрлік еркін стильдегі алтын жүлде иегері.