Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде аулалар абаттандырылады

172 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбеде аула аумақтарын абаттандырудың ауқымды жұ­мыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 220 аула жөн­де­леді. Жуырда облыс әкімі Оңдасын Оразалин жөндеу жұмыс­тарының барысымен танысып, 5, 8 және 11-шағын аудандар мен Ш.Қалдаяқов көшесінің аулаларын қарап шықты. Мердігер мекемелердің басшылары жобалардың жүзеге асырылуы жайлы есеп берді.

Ақтөбеде аулалар абаттандырылады

«Есет батыр мен Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысынан Абай даңғылына дейінгі алаңда ор­на­ласқан көпқабатты үйлердің бар­­л­ық аулаларында жөндеу жұ­мыс­тарын жүргіземіз. Сондай-ақ, 8-шағын ауданда да нысандар бар. Алты ауланы аяқтап қал­дық. ПИК-тің, тұрғындардың қа­лауын білу үшін алдын ала, жұ­мыс басталғанға дейін олармен кеңе­семіз. Бір жерін кеңейтуді, бір жерін алып тастауды сұрап жатады. Соның бәрін ескеріп, тапсырыс берушімен келісеміз. Тұрғындар тарапынан ешқан­дай наразылық болған жоқ, керісін­­ше олар ризашылықтарын білді­ре­­ді», дейді «Ақтөбе адал құры­лыс» ЖШС директоры Ахметбек Сүлей­менов.

Абаттандыру кезінде аула-
лар­дың асфальтбетон жабындылары алмастырылып, аулаға кіретін жолдарға асфальт төселіп, көлік тұратын аумақ жасалады.

«Өткенде сіздер мұнда болған­сыздар, балалар алаңы, асфальт болады деп уәде берген едіңіздер. Бір айға жетпей уәде орындалды. Тұрғындар риза. Сөзіңізге сенуге болады екен. Рахмет!», деді ауласы жөнделген тұрғындардың бірі алғысын айтып.

Ал облыс әкімі жаңартылған кеңістікке ұқыпты қарап, аула мен үйдің кіре берісін таза ұстауға шақырды.

11-шағын ауданда жөнделіп жатқан аула­лардың бірінің тұр­ғындары балалар алаңын орна­туды сұрады, О.Оразалин өтініш­тері биыл орындалатынына сен­­дірді. Осы жылы қала­дағы көп-­
қабатты үйлердің аулаларында барлығы 67 балалар ойын алаңы орнатылмақ. Қаланы қыз­мет бабымен аралау Әуе қала­шығы шағын ауданындағы «Ақ жел­кен» аула клубында жал­ғасты. Мұнда балалар бимен, радио­техникамен айналысып, музы­калық аспапта ойнай алады, 3D модельдеуді және т.б. үйре­неді.

Аула клубы ашылысымен Әуе қалашы­ғының, сонымен қатар соған жақын жатқан аудандардың тұрғындары балаларын үйдің қасындағы үйірмелерге апара ала­тын болады.

«Әрбір ата-ана баласының жан-жақты дамығанын қалайды. Дегенмен баланы қала­ның басқа бөлігіндегі үйірмелер мен сек­цияларға апару қолайсыз. Біз мұны түсі­­неміз. Сондықтан қала тұрғындарына ың­ғай­лы болу үшін қосымша білім беру жүйе­сін мүмкіндігінше бүкіл қала бойынша орна­ластыру міндетін қойдық. Осындай мін­детті Нұр-Ақтөбеге де қойып отырмыз, ол жақта жаңа ғимарат салына­тын болады. Ал бұл жерде ғимаратын қайтарымсыз беріп отыр­ған әуе­жайға алғыс айту керек. Біз со­ны жөндеп, аула клубына лайық­тадық», деді Әуе қалашығы тұр­ғындарына облыс әкімі.

Ол сондай-ақ, жарық үйлер­ді жөндеу, қас­бе­тін сырлау және т.б. сынды Әуе қалашығын абат­тандыру жұмыстары бас­-
талатынын жет­кізді. «Аула клубының ашылғанына шексіз ризамыз, бізге осындай орын расымен қажет болатын. Енді біз балаларымызды пайда­лы іспен шұғылдандыра аламыз. Ауданымызға абаттандыру жұ­мыстары да керек. Тек қаланың ор­та­лығына ғана көңіл бөлініп жат­пағаны сүйсіндіреді», деді Әуе қа­лашығы тұрғыны Анна Петровна.

Облыс әкімі жұмыс сапа­ры­ның соңында Ақтөбе қаласын­дағы әуежайдың бұрынғы қо­нақ­үй ғимаратының жөндеу жұ­мыс­тарымен танысты. Нысан Ақ­төбе облысының қорғаныс істері жө­ніндегі департаментіне әс­керге шақы­рушылар бекетін ұйым­дастыру үшін берілген.

 

«Егемен-ақпарат»