Тәуелсіздік • 02 Қыркүйек, 2021

Жампоздар жарысы

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мере­келеу аясында ұлттық спорт түр­ле­рінен республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде. Көкпар, тең­ге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қа­зақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сияқ­ты спорт түрлері бойынша сайыс­тар командалық тәртіппен ұйым­дастырылып жатыр.

Жампоздар жарысы

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сонымен қатар «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК мұрындық болған жарыстың көрігі қызып жатқанына бір аптаға жуықтап қалғанын айта кетейік. Екі кезеңнен тұратын фестиваль екі айдан астам уақытқа созылуға тиіс. Алғашқы кезеңдегі аймақтық іріктеу жарыстары төрт аймақта өтеді. Теріскейдегі төрт облыстың жампоздары жарысқан алғашқы кезең сайыстары өткен аптада Көкшетау қаласында өтті. Осы аптаның ішінде өзге облыстардың да кезегі келіп тұр. Аймақтардағы іріктеу жарыстары қазан айының басында мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққандар фестивальдің шешуші кезеңінде, яғни финалда өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік өңірінің жеңімпаз командалары анықталғанын жоғарыда айтып өттік. Батыс аймақтық іріктеу жарыстары аясында 26-28 тамызда Орал қаласында көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы атудан спортшылар қалалық атшабарда сынға түссе, қазақ күресі мен асық атудан – жоғары спорттық шеберлік мектебінде, тоғызқұмалақтан – оқушылыр сарайында бәсекелер өтті. Батыс аймақ іріктеу жарыстарына Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарынан 225 спортшы қатысты.

 

«Егемен-ақпарат»