Үкімет • 02 Қыркүйек, 2021

Қаржы министрі бизнесті тексеруге рұқсат беруді сұрады

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын бизнесті тексеруге рұқсатты қайтарып, мораторийді алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрі бизнесті тексеруге рұқсат беруді сұрады

«2020 жылы үш жылға енгізілген тексерулерге мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз», деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ол халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қаржы министрлігі қашықтықтан өзара іс-қимылға негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша жобаны бастағанын айтты.

Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшорлауға қарсы іс-қимыл бойынша да кешенді жұмыс жүріп жатқаны айтылды.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерді тексеру мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025