Үкімет • 02 Қыркүйек, 2021

Ербол Қарашөкеев жеке шаруашылықтарды қалай дамытуға болатынын айтты

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасында қандай мүмкіндер ескерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Қарашөкеев жеке шаруашылықтарды қалай дамытуға болатынын айтты

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде шамамен 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық бар. Олар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 трлн теңгеге өнім немесе бүкіл ауыл шаруашылығы өнімдерінің 41,5%-ын өндірді.

«Қолда бар әлеуетті ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленетін болады.

Аталған заң жобасын қабылдау жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы іске қосу жоспарлануда. Ол жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермерлерді азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен тік және көлденең кооперация тізбектері арқылы байланыстыруға мүмкіндік береді», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұған Жамбыл облысы халқының табысын кооперация арқылы ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі пилоттық жобаның оң нәтижесі дәлел. Қазіргі уақытта министрлік әзірленіп жатқан Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға Жамбыл облысының пилоттық жобасын Қазақстанның барлық өңірлерінде қолдануды енгізіп отыр. Оны іске асыру үшін Ұлттық жобада 2023 – 2025 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025