Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2021

Қазақстандағы азық-түлік бағасына кім жауап береді?

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазақбаев Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуіне жауапты адамды қалай таңдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы азық-түлік бағасына кім жауап береді?

«Аталған тармақты іске асыру үшін сауда және интеграция министрлігі ҰЭМ және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бір ай мерзімінде сауда министрлігіне баға белгілеуді үйлестіру және азық-түлік тауарларын өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бөлу жөніндегі уәкілетті органның функцияларын беру жөнінде ұсыныстар енгізеді», деді Қазанбаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бір ай мерзімде салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламенті әзірленетін болады.

«Біздің мақсатымыз – азық-түлік тауарларының ағындары мен бағаларын мониторингілеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъюнктурасы мен бағалардың өзгеруіне дер кезінде және жедел ден қоюға мүмкіндік береді», деп сендірді вице-министр.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында шенеуніктерді бағаның көтерілуіне байланысты сынға алған болатын.

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бірыңғай бақылау бойынша негізгі жауапты мемлекеттік органды анықтауды тапсырды.