Ақсу қаласы аумағына қарасты Айнакөл ауылы үлкен жолдың бойында тұр. Астанаға, Баянауылға, Қарағандыға қарай ағылған көліктер. Облыс орталығы мен Ақсу қаласы аумағын қосатын жаңа заман көпірінің құрылысы басталып, ауылдықтарға да жұмыс табылды. Айнакөлге қарасты Сынтас, Көктас, Қараой деп аталатын шағын ауылдар бар. Бүгінгі күні ауылда ірі қара мал, қой, жылқы бар, әр ауладағы қосалқы шаруашылық әл-ауқаттың жақсарғанын білдіргендей.

Ақсу қаласы аумағына қарасты Айнакөл ауылы үлкен жолдың бойында тұр. Астанаға, Баянауылға, Қарағандыға қарай ағылған көліктер. Облыс орталығы мен Ақсу қаласы аумағын қосатын жаңа заман көпірінің құрылысы басталып, ауылдықтарға да жұмыс табылды. Айнакөлге қарасты Сынтас, Көктас, Қараой деп аталатын шағын ауылдар бар. Бүгінгі күні ауылда ірі қара мал, қой, жылқы бар, әр ауладағы қосалқы шаруашылық әл-ауқаттың жақсарғанын білдіргендей. Айнакөлде орыс, украин, неміс, чешен ұлтының өкілдері өз қазағымызбен аралас-құралас, ауылдас, ағайындас болып кеткен. Ауылдықтардың арасында Ақсудың электр энергиясын, ферроқорытпа өндіретін зауыттарында жұмыс жасайтын қыз-жігіттер де бар. Мал шаруашылығымен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы бар. Отын-су, малға жемшөп дегендей, ауылдың тірлігі біткен бе. Дастарқан тоқ. Алдыңғы жылдары “Жол картасы” бағдарламасының арқасында әйтеуір, ауылдың кіреберіс жолы жөнделіпті. Көктастағы бастауыш мектепке телефон байланысы орнатылып, интернетке қосып беріпті. Айнакөлдегі мектеп жанындағы шағын орталыққа 20 бала барып жүр. Дәрігерлік бөлімше автокөлікпен қамтамасыз етілген, жас мамандар еңбек етуде. Дәріхана да жұмыс жасап тұр. Өткен айда Айнакөлде күрделі жөндеуден өткен ауыл клубы пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет 2643,6 мың теңге қаражат бөлді. Көрермендер залы, сахна, дәліздер, бөлмелер жаңарып қалды. Жаңаша күйге енген клубта ауыл көркемөнерпаздары енді мерекелік шаралар, ойын-сауық, айтыс өткізіп, ауылдың көңілін көтермекші.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.