Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Алматы облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мотоциклмен есірткі тасымалдаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Шелек ПБ УПИ «Құқықтық тәртіп» жұмысы аясында Бартоғай ауылдық округін патрульдеу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ мотокөлік байқалды. Полиция қызметкерлері мотоцикл жүргізушісінің құжаттарын тексеруге ниеттенген кезде жүргізуші жасырынуға тырысты. Учаскелік инспекторлар жүргізушіні қуып, оны ұстады. Қашқын жүргізуші 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Мотокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары салмағы 2,5 кг марихуана есірткі заты бар сөмкені тапты.

Аталған факті ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.