Нұрболат Қадырұлы 1963 жылы Шар ауданы Ақжал ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Концерттік орындаушы», «Оқытушы» және «Құқықтану бакалавры» мамандықтарын бітірген. 1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр әртісі, С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған.
2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты лауазымдарында қызмет атқарған.
2006-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер департаменті директорының орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы болды.
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2017-2020 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тарихи-мәдени обьектілердің сақталуын қамтамасыз ету және инновациялық даму жөніндегі директор орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.
2020 жылдың маусым айынан бері «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болды.