Дронмен жеткізу қызметі коронавирус індеті кезінде танымал болды. Мысалы, шілде айында дрондар күніне 25-тен астам рейс жасаған.
Үй карантинінде жатқан кез келген индонезиялық дронмен жеткізу қызметін тегін пайдалана алады.
«Менің ойымша, қазір коронавируспен ауырып жатқан және үйінен шыға алмайтын адамдар үшін бұл өте пайдалы болып отыр. Мен үкімет пандемиядан зардап шеккендерге көбірек көңіл бөліп, қолдау көрсетеді деп үміттенемін», деді Ариски Сапутра.