Футбол • 02 Қыркүйек, 2021

Қазақстан құрамасы футболдан ӘЧ іріктеу кезеңіне аттанды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның футбол құрамасы 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысу үшін Финляндияға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы футболдан ӘЧ іріктеу кезеңіне аттанды

Фото: kff.kz

4 қыркүйек күні қазақстандық футболшылар фин құрамасымен кездеседі.

«Матч Хельсинкиде өтеді, ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де басталады», деді ҚФФ PR департаментінің басшысы Ермұхамед Мәулен.

Екі команданың активінде 2 ұпай бар. D тобының турнирлік кестесінде фин құрамасы 3-орында, ал қазақстандыкі соңғы бесінші орында тұр. 

D тобындағы  үздіктер - 8 ұпаймен француздар, одан кейін Украина, 4-орынды Босния мен Герцеговина алған.