Әлем • 02 Қыркүйек, 2021

Әлемде вакцинация қарқыны қалай жүріп жатыр?

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК әлем елдерінің вакцинация қарқынына шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.

Әлемде вакцинация қарқыны қалай жүріп жатыр?

Түркия билігі карантин шараларын қатаңдату туралы мәлімдеді. Вакцина салдырмаған барлық азамат кинотеатрға, тамақтану орнына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыратын болады.

Оңтүстік Корея ең ірі американдық фармацевтика концернінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасын алды. Бүгін Сеулге Moderna препаратының 1,02 млн дозасы, Румыниядан сатып алынған Pfizer вакцинасының 526,5 мың дозасы жеткізілді. Аптаның соңына дейін ел тағы 4,98 миллион доза вакцина алуы керек. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея үкіметі Covid-19 вакциналарының 193,4 миллион дозасын, соның ішінде AstraZeneca, Moderna, Janssen және Novavax вакциналарын жеткізуге келісім жасады.

Иран республикасы бүгін COVID-19 вакциналарының бірнеше миллион дозасын қабылдауды жоспарлап отыр. Жақында Сыртқы істер министрінің көмекшісі және Азия-Тынық мұхиты департаментінің Бас директоры Реза Забиб елге 5 миллион доза вакцина жеткізілетінін хабарлады. Ол алдағы аптада Үкімет күшейтілген вакцинация режимін орнататынын атап өтті. 

Косово азаматтары коронавирусқа қарсы қайырымдылық көмек аясында берілетін вакциналарды алады. Осы аптаның соңына дейін Балқан түбегіндегі Республика Германиядан 150 мың AstraZeneca вакцинасының келуін күтіп отыр. 30 тамызда Pfizer компаниясы шығарған препараттың 53 мың дозасы Косовоға жеткізілді. Денсаулық сақтау министрі Арбен Витийдің айтуынша, үш ай ішінде Pfizer вакцинасының 622 мың дозасы келуі керек. Коронавирус салдарынан өлім-жітімінің артуына байланысты Косово азаматтарын вакцинация алуға шақырады. Облыста коменданттық сағат және қатаң бетперде режимі енгізілді.