Тараптар Қазақстанда концерн шығаратын әскери және азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсететін және жөндейтін сертификатталған орталық құру жобасын іске асыру мәселесін талқылады.
Келіссөздер барысында «Ғалам БК» ЖШС бірлескен кәсіпорнының өнімін Airbus өндірістік тізбегіне қосу, сондай-ақ концерн ұшақтарын өндіру үшін қазақстандық шикізатты жеткізу көлемін ұлғайту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Airbus-пен бірлесіп «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС және «Ғалам БК» ЖШС базасында бірлескен жобаларды іске асырып жатыр.
2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін жүк көтергіштігі жоғары екі Airbus А400М әскери-көлік ұшағын сатып алуға келісімшартқа қол қойылды. Ұшақ әскери, азаматтық гуманитарлық миссиялар аясында әуе тасымалын жүзеге асыра алады, төтенше жағдайларда жедел іс-қимыл жасауда тиімді.
Airbus А400М жеткізу келісімшарты қызметкерлерді оқыту және техникалық қолдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер пакетін қамтиды. Алғашқы әуе кемесін 2024 жылы жеткізу көзделген.
Кездесуге индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қорғаныс министрі Мұрат Бектанов және т. б. қатысты.