Елорда • 02 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар ұтыс ойынынан соңғы үлгідегі 19 iPhone иеленді

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда вакциналанғандар арасында тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар ұтыс ойынынан соңғы үлгідегі 19 iPhone иеленді

Тағы екі iPhone12 мен тұрмыстық техниканың сегізінші ұтыс ойыны 28 тамызда (сенбі) сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтті. Сегізінші ұтыс ойынына 21 тамыз бен 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) вакцинацияланғандар қатысты.

Сегізінші ұтыс ойынының жеңімпаздары: 1) № 7613 Әділбек Әбенов – iPhone 12;

2) № 197 Гүлжазира Нұғыманова – iPhone 12;

3) № 2507 Кереева Динара Зараповна – тоңазытқыш;

4) № 6689 Кумаков Сабыржан Сайлаубекұлы –  теледидар;

5) № 5186 Хамитова Дидар Амангельдиновна –  кір жуғыш машина.

Вакциналанғандардың арасында соңғы үлгідегі iPhone телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындары мен қонақтарын вакциналауға ынталандыру үшін өткізіледі. Тек вакцинация сіздің де денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.