Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan» газеті Арал ауданындағы Сексеуіл стансасында жүздеген баланың темір жол рельстерін кесіп өтіп мектепке қатынап жүргеніне ел назарын аударған еді.

Теміржолшылар мекеніндегі проблеманы көтерген «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты сол мақаладан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында өзекті мәселені шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажеттігін жазған болатын. Осыдан кейін көп ұзамай құрылысы басталған мектеп биылғы Білім күнінде пайдалануға берілді.
Екі қабаттан тұратын білім ошағының бірінші сыныбына 40 бала қабылданып отыр. Екі ауысымда 442 бала білім алатын мектепте 20 сынып кешені, спорт, мәжіліс залдары, кітапхана, асхана бар.
Жаңа нысанның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова балаларды Білім күнімен құттықтап, жыл сайын тұрғындар қатары көбейіп келе жатқан аумақтағы типтік мектеп мемлекеттің салаға деген ерекше қолдауының көрінісі екенін атап өтті.
Темір жол саласының ардагері Бөлекбай Бектұрғановтың айтуынша, жұрт көптеп қоныс тебе бастаған ауданнан мектеп салу мәселесі соңғы 20 жыл бедерінде дүркін-дүркін көтеріліп келген екен.
«Пойыздар жүйткіп жатқан жолды кесіп өтудің қаупін айтып жату артық шығар. Сол жолмен мектепке кеткен баласы қайтып келгенше үлкендер жандарын шүберекке түйіп отыратын еді. Бас газетте көтерілген мәселені назарға алып, тиісті орындарға тапсырма берген Мемлекет басшысына, жақсы істің басында жүрген азаматтарға айтар алғысымыз шексіз», дейді ардагер.
Кент тұрғыны Гүлнәз Әбділдаева кішкентайын бірінші сыныпқа алып келіпті. Бұрын шойын жолдың арғы бетіне қатынап оқып келген екі қызы да енді жаңа мектепте оқиды.
«Балаларымыз он бес рельстен өтіп келгенше алаңдап, алдынан шығып күтіп алатынбыз. Әсіресе ерте қас қараятын қыстың күні қиын еді. Шүкір, ол күндер де артта қалды» дейді ол.
– Он бес мыңға жуық тұрғыны бар кенттегі үлкен мәселе – бар мектептің темір жолдың бір жақ бетінде орналасқандығы еді. Енді ол толығымен шешілді. Шойын жолдың осы бетіндегі баланың бәрі жаңа мектепте білім алады. Жалпы, жыл сайын облыста білім ошағының табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың қатары көбейіп келе жатқаны байқалады. Биыл өңірде 7 004 түлек мектеп бітірсе, бірінші сыныпқа 18 279 бала қабылданып отыр. Осыған байланысты мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында салынатын білім ошақтарының қатарын көбейтуді қолға алдық. Биыл 6 мектеп пайдалануға берілсе, алдағы 5 жылда 28 білім ошағы бой көтереді, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Салтанатты шарадан кейін санитарлық талапты сақтай отырып жаңа мектептегі алғашқы сабақ басталды.
Қызылорда облысы
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар