Үкімет • 03 Қыркүйек, 2021

Отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың басшылары мен еліміздің жетекші ғалымдарының қатысуымен биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отандық дәрілік заттарды әзірлеу мәселесі талқыланды

Кеңесте еліміздің биоқа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету мәсе­лелері бойынша Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқына Жол­дауында қойылған міндеттер тал­қыланды. Сондай-ақ «Назарбаев Уни­верситет» ДББҰ, «Инфекцияға қар­сы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, «Фитохимия» холдингі, «Д.В.Сокольский атындағы отын, ката­лиз және электрохимия институты» АҚ, «Микробиология және ви­ру­сология ғылыми-өндірістік орта­лығы» ЖШС және т.б. орта­лық­тар жүргізіп жатқан COVID-19-ға қар­сы отандық дәрілік заттарды әзір­леу мәселесі талқыланды.

Кеңес отырысының қоры­тын­­дысы бойынша Е.Тоғжанов эпи­де­миялық сын-тегеуріндерге қар­сы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеу және инновациялық қыз­меттің тиім­ділігін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру, ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды іске асыру жөніндегі кешенді жос­пар әзірлеу, эпидемиялық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге жә­не ин­фекциялық ауруларға қарсы дәрілік препараттардың жаңа түр­лерін әзірлеуге бағытталған ғылы­ми және инновациялық жобаларды нысаналы қаржыландыруды қам­тамасыз ету жөнінде ұсыныстар ен­гізу, биологиялық қауіпсіздік сала­сындағы отандық ғылыми институттардың ғылыми-кадрлық, материалдық-техникалық әлеу­етін дамыту жөніндегі нақты ұсы­ныс­тарды талдау және енгізу секілді бірқатар тапсырма берді.