Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлы теңге» қанатқақты жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау үшін қаржы нарығына қатысушы тараптармен кезекті кездесуін өткізді. Пікірталасқа Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банк өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Кездесу аясында жобаның қазір қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқаны, соның ішінде Ұлттық банктің цифрлы валютаны әзірлеуде технологиялық архитектура мен әлемдік трендтерді қалай қолданып жатқаны таныстырылған.
Технология мен төлем жүйесі қатар дамып жатқанын ескерсек, цифрлы теңге қолданыстағы қолма-қол және қолма-қол емес төлем жүйелеріне қосымша ретінде жаңа төлем инфрақұрылымы бола алатындай әлеуеті бар. Цифрлы теңгені енгізе отырып, төлем қызметі нарығындағы бәсекені арттыруға, қаржы технологиясын дамытуға жаңаша серпін беруге, сондай-ақ аймақтардағы қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік туады.
«Талқылау барысында цифрлы валюта қаржы тұрақтылығына қалай әсер етеді деген, тұтынушылар үшін төлем жасау қаншалықты ыңғайлы болатыны, сондай-ақ тәуекелдерді төмендетудің жолдары қандай деген мәселелер талқыланды. Қаржы нарығының қатысушылары мүдделі тараптардың барлығын тәжірибеде қолдануға болатын шешімдерді іздеу үшін сауалдама мен сұхбаттасудан өтуге шақырды. Қанатқақты жобаға нарықтағы тараптардың барлығы шектеусіз қатыса алады. Қазіргі таңда «Цифрлы теңге» қанатқақты жобасын жүзеге асыруға екінші деңгейлі 3 банк қатыса бастады», делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Қазақстан Ұлттық банкі қаржы нарығындағы тараптар мен қоғам арасында жобаның нәтижелерін талқылап, сол талқылаудың нәтижесін ортаға салып отырады.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар