Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Жас суретшілер сайысы

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полиция департаменті 8-12 жас ара­лы­ғындағы оқушылар арасында «Мен елімді сүйемін!» тақы­рыбында сурет салудан байқау ұйымдастырды. Оған департа­ментке қарасты 17 аудандағы полиция бөлімі, басқарма қызмет­керлерінің сурет салуға бейім ұл-қыздары қатысқан. Ұсынылған 84 суреттің үздіктерін анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылған.

Жас суретшілер сайысы

Полиция департаментінің бас­тығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков байқау же­ңім­­паздарын марапаттау рәсі­мінде қатысушыларға алғы­сын жеткізді. «Сендерге үл­кен рах­мет, бойларыңдағы дарын­да­рың­ды ортаға салып, жа­рысқа қа­тыстыңдар. Біздің қазы­лар сен­дердің еңбектеріңді жіті қарап, ішін­дегі ең әдемі салын­ғандарын іріктеп алды. Өнер­лерің өрге жүз­сін!», деді генерал-майор. Қа­зы­лар алқасы жас дарындар қо­лынан шыққан туындыларға өз баға­сын берді. Яғни байқау қо­ры­тындысында мыңнан тұл­пар, жүзден жүйрік шыққан 15 қа­ты­сушы анықталып, арнайы «Ал­ғыс хат», сондай-ақ сыйлық ретін­де мек­тепке арналған сөмкелер және кең­се заттары табыс етілді. Жүл­делі ІІІ орынды Төлеби АПБ көші-қон қызметі тобының аға инс­пекторы, полиция майоры Нұрбол Сейітбековтің 12 жастағы қызы Амира Абдиса­пар иеленсе, ІІ орынды ТО ПД ЖҚАЖ инспектор-психологі, поли­ция капита­ны Әйгерім Исаеваның ­11 жаста­ғы қызы Камила Елмұ­рат алды. ­Ал І орынды Түркістан ҚПБ ЖПҚ учаскелік полиция инс­­пекторы, полиция майоры Мухаммад Жұ­мадилаевтың 10 жас­тағы қызы Мира Ханадилла же­ңіп алды. Жүлделі орын ­ие­ле­ріне заманауи смартфон, ұялы телефон сыйға берілді.

Оқушылардың бойында туған жерге деген патриоттық сезімін арттырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру мақсатындағы шараларды полицейлер алдағы уақытта да ұйымдастырып тұрмақ.

 

Түркістан облысы