Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Шымкентте сүт өңдейтін цех ашылды

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте сүт өңдейтін цех ашылды

Цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.

Цех ұжымы алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен.

Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысын дөңгелету үшін жиырма бес жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тартылды.