25 Қаңтар, 2014

Әлеуметтік саланы дамытудың жаңа векторы

743 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында әлемдегі да­мыған 30 елдің қатарынан орын алуымызды межелейтін дамудың жеті басым бағытын белгілеп бер­ді.

Аталған бағыттарды іске асыруда біздің 2050 жылға дейінгі бас­ты нысанамыздың бірі еңбек өнім­ділігін «...5 есеге – қазіргі кез­дегі 24,5 мың доллардан 126 мың долларға дейін» арттыру болып айқындалды. Бұл үшін ең алды­мен, экономиканың нақты секторын дамыту көзделіп отыр. Өз кезегінде, жаңа жоғары технологиялы экономика салаларын құру, қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру және агроөнеркәсіптік секторда инновациялық технологияларды енгізу кадрлардың жоғары біліктілігін талап етеді. Жоғары білікті мамандар үдемелі индустриялық-инновациялық да­му барысында құрылатын жа­ңа жұмыс орындарының талап­тарына жауап беруге тиіс.

IMG 9193

01-Тамара

Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында әлемдегі да­мыған 30 елдің қатарынан орын алуымызды межелейтін дамудың жеті басым бағытын белгілеп бер­ді.

Аталған бағыттарды іске асыруда біздің 2050 жылға дейінгі бас­ты нысанамыздың бірі еңбек өнім­ділігін «...5 есеге – қазіргі кез­дегі 24,5 мың доллардан 126 мың долларға дейін» арттыру болып айқындалды. Бұл үшін ең алды­мен, экономиканың нақты секторын дамыту көзделіп отыр. Өз кезегінде, жаңа жоғары технологиялы экономика салаларын құру, қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру және агроөнеркәсіптік секторда инновациялық технологияларды енгізу кадрлардың жоғары біліктілігін талап етеді. Жоғары білікті мамандар үдемелі индустриялық-инновациялық да­му барысында құрылатын жа­ңа жұмыс орындарының талап­тарына жауап беруге тиіс. Атал­ған міндетті іске асыру үшін, ин­дустриялық-инновациялық даму­дың екінші бесжылдығын дайындау жөніндегі іс-шаралар аясында бесжылдыққа еңбек ресурстарына деген қажеттіліктің болжамы жасалады. Бұл меже:

- еліміздегі экономикалық өсу және құрылымдық өзгерістер болжамына;

- іске асырылып жатқан мем­лекеттік және салалық бағдар­ламалардың және жергілікті ат­қа­рушы органдардың маңызды жобаларын жұмыс күшімен қам­тамасыз ету қажеттігіне;

- жұмыс берушілердің сұра­нысына қарай айқындалатын болады.

Басқаша айтқанда, макро­эко­номикалық болжаулар, ста­тистикалық байқаулар, өңірлік жұмыспен қамту карталары мен жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері ескеріледі. Бүгінгі таңда Үкіметтің жанынан осы жұмысты үйлестіретін арнайы жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

Бірақ, айта кететін бір жайт, көбінесе мамандардың дайындық деңгейі мен кәсіби қабілеттері жұмыс берушілердің тарапынан күн санап артып келе жатқан дайындық және практикалық тәжірибе деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келе бермейді. Бұл міндетті іс жүзіне айналдыру үшін «дуальды техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін...» қалыптастыру және дамыту шаралары қабылдануда. Жаңа біліктілік жүйесі құрылуда, әрбір мамандық үшін «жол картасы» болып есептелетін кәсіби стандарттар әзірленуде. Кәсіби стандарттар – бұл жұмыс беру­ші­лердің қызметкерлердің бойынан табылуға тиісті білім мен біліктілікке қойылатын талаптар. Осы стандарттардың негізінде, яғни жұмыскерге қойылатын жа­ңа талаптарға қарай білім бе­ру жүйесі де қайта құрылады. Қа­зіргі уақытта әлеуметтік әріп­тестердің тікелей қатысуымен 257 кәсіби стандарт әзірленді. Ин­дустриялық-инновациялық да­мудың екінші бесжылдығының аяғына дейін кәсіби стандарттар барлық негізгі қызмет салаларына енгізілетін болады.

IMG 9193

Мемлекет басшысы стра­тегиялық жос­парларды іс­ке асыруда шағын және орта биз­несті дамытуға ерекше көңіл бөлді. Қазіргі таңда «Жұмыс­пен қам­тудың жол картасы-2020» бағ­дарламасы аясында кәсіп­кер­­лікті дамыту жөніндегі шара­лар кешенін және іске асыру жос­парланған бизнес жобалар тізбесін көздейтін өңірлік кәсіпкерлікті дамыту карталары даярланады. Азаматтарға шағын кредиттер осы карта негізінде беріледі.

Елбасының тапсырмасына сәй­кес министрлік жергілікті ат­қарушы органдармен бірге бағ­дарламаның кәсіпкерлікті дамыту ба­ғытын қайта қарап шығуды ме­же­­леп отыр. Ондағы негізгі мақ­сат:

- ауылдарда қайта өңдеуші өн­ді­рістер желісін дамытудың мүм­кіндіктерін жасау;

- кәсіпкерлік қызмет негіз­деріне оқыту мәселесін жетілдіру;

- қаржылық агенттіктердің қа­тысуы есебінен түпкілікті қарыз алушылар үшін микрокредит мөлшерлемесін арзандату бойынша шаралар қабылдау.

Өндірісті дамыту, әдеттегідей, қазақстандықтардың өмір сү­руін жақсартуға қызмет етеді. Жол­дауда «Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жар­қын ете түсетін нақты прак­ти­калық істер бағдарламасы» деп атап көрсетілген.

2050 жыл нысанасына ұм­ты­ла отырып, біз халықтың эко­но­микалық белсенділігі мен жұ­мыспен қамту деңгейін әрдайым арттырып келеміз. Бүгін­де ең­бекке жарамды қазақ­стан­дық­тардың 95%-ның жұмысы бар. Соңғы үш жылда ғана (2011-2013 жж.) «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде («Жұ­мыспен қамтудың жол картасы») халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге 200 млрд. теңге бөлінген. Бұл 250 мың­нан астам адамды жұмысқа орна­ластыруға мүмкіндік берді. Олардың қатарында жұмыс­сыз­дар, өзін өзі жұмыспен қамты­ғандар, жастар, мүгедектер мен табысы аз адамдар бар. Бағдар­ламаға қатысушы 109 мың адам кә­сіби даярлықтан және қайта даяр­лаудан өтті, 19 мың адам же­ке ісін ашуға және бизнесін ұл­ғайтуға микрокредит алды. Та­ғы да 13 мың адам даму әлеуеті жо­ғары елді мекендерге өз еркімен қоныс аударды, жаңа жерде бұл отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелеріне жұмыс берілді. Ал­дағы уақытта бұл саладағы жұ­мыстың тиімділігін одан әрі арттыру жоспарланып отыр.

Нәтижелі жұмыспен қамту деңгейінің өсуі тиісінше ха­лық­тың табысының да артуына сеп­тігін тигізді. Соңғы 15 жылда қазақстандықтардың табысы 10 есеге артқан. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы тоғыз еседен астам өсіпті. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша бұл көрсеткіш 106 092 теңгені құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерінің – дәрі­гер­лердің, мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің еңбекақы деңгейі жоғарылады. Тұтастай алғанда, 2009-2011 жылдары жалақы деңгейі шамамен екі есеге көбейді. 2013 жылғы 1 жел­тоқсандағы жағдай бойынша бюджеттік сала қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 74 027 теңге болды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, бюджеттік саладағы еңбекақы деңгейі жалпы экономика бойынша еңбекақы деңгейінен қалыс қалып келеді.

Осыған орай, Елбасы өзінің жа­ңа Жолдауында Үкіметке «…2015 жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтық қыз­метшілердің еңбекақы жүйе­сінің жаңа үлгісін әзірлеуді және енгізуді» тапсырды.

Әлемдік практикада жалақы төлеу жүйесін қалыптастыруда түр­лі тәсілдер қолданылады, со­ған қарамастан олардың мәні қыз­меткердің білімі мен біліктілік деңгейіне, жұмыс күрделілігі мен жауаптылығына қарай бел­гі­ле­нуінде болып отыр. Дәл осы принциптер мен тәсілдер Қазақстан Республикасында азаматтық қыз­метшілердің еңбегіне ақы тө­леудің жаңа моделінің өзегі етіп алынатын болады.

Мәселен, қазіргі кезде мұға­лім­дердің негізгі жалақысы олар­дың біліктілік санатына қа­рамастан бірдей көлемде белгі­ленген, ал негізінде ол маманға кәсіби және карьерлік өсуді қамтамасыз ететін біліктілік санатына тікелей байланысты болуы қажет. Сондықтан жаңа еңбекақы төлеу үлгісіне өтуге байланысты, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру жұмыскерлердің орындайтын жұмысының күрделілігі мен жауаптылығына, білім деңгейі мен кәсіби тәжірибесіне қарай саралап жүргізілетін болады. Ал бұл Президент тапсырмасына сәйкес 2015 жылдың шілдесінен бастап денсаулық сақтау қызметкерлері негізгі персоналының жалақысын 28%-ға дейін, білім беру саласы бойынша 29%-ға дейін, әлеуметтік қорғау саласы бойынша – 40%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуі қажет.

Еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу негізгі жалақының/лауа­зымдық қызметақының мә­нін қалпына келтіреді, оның қыз­мет­тің соңғы нәтижесіне тәуелді­лігін қамтамасыз етеді және қыз­меткердің лауазымдық әрі кәсіби өсуіне игі ықпал ететін болады.

Жеке объективті себептер бойынша еңбек ете алмайтын және өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын адамдарды әлеуметтік қорғау да жаңа деңгейге көтеріледі. Жол­дауда «…мүмкіндігі шектеулі аза­маттарымызға көбірек көңіл бөлу керек» деп атап көрсетілді. «Бұл адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, ал олардың қатары аз емес – бұл өзіміздің және қоғам ал­дындағы біздің парызымыз».

Бүгінгі таңда Қазақстанда 625 мыңнан астам мүгедек өмір сү­реді, олардың 400 мыңнан астамы еңбек етуге қабілетті жас­та, 10,8% – балалар. Мүгедектердің жеке қажеттіктеріне қарай:

- мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылар мен МӘСҚ-тан және сақтандыру компанияларының тарапынан әлеуметтік төлемдер төленеді;

- көрсетілімдері бойынша, тех­никалық орнын толтырушы (компенсаторлық) құрылғылар, жеке көмекшінің көмегі, білім беру және өзге де әлеуметтік қызметтер тегін көрсетіледі. Соңғы жылдары техникалық орнын толтырушы компенсаторлық құралдарды жыл сайын 90 мыңнан астам адам немесе мұқтаж адамдардың 80%-на жуығы алды;

- 80 мыңнан астам ерекше мұқтаж адамға жыл сайын мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Өткен жылы мүмкіндіктері шек­теулі жандардың шығарма­шы­лық әлеуетін дамытуда және қоғам өміріне тең құқылы қаты­суы үшін жағдай туғызудағы мә­ні ерекше болған «Бәріміз бір­дейміз – кемсітуді білмейміз» ал­ғашқы республикалық конкурс өткізілді. Оған 6 мыңнан астам адам қатысып, оның 342-сі конкурстың ақтық турына қатысты. Ал 63 адам жеңімпаз атанды. Конкурс қатысушыларының 17 ең үздік әлеуметтік жобасы қаржыландыру мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың қарауында жатыр.

Жаңа кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, 2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 25 пайызға ұлғайтылатын болады.

«Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Қазақстан Рес­пуб­ликасында мүгедектердің құқық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнін­дегі іс-шаралар жоспары талқы­ланып, іске асырылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына орай, бұл жұмыс мынадай 4 бағытты көздейді:

- мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

- азаматтардың осы санатын қолдауда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және

- мүгедектерге оң көзқарас қалып­тас­тыру мақсатында ақпа­рат­тық-насихаттау жұмыстарын жан­дандыру.

Халықтың әлеуметтік осал санаттары да назардан тыс қалған жоқ, оларға қатысты кедейлікті азайту және жұмыссыздық дең­гейі­нің өсуін ауыздықтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Жолдауда «Мемлекеттік жәр­дем­ақылар мен көмек алушы­лар­дың барлығы үшін жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бейім­деу бағдарламаларына қаты­су міндеттілігі туралы қағида ен­гізу керек», деп атап айтыл­ды. Сондықтан атаулы әлеу­мет­тік көмек көрсетудің тәртібін өзгертудің басталуы осы идео­ло­гияға сәйкес келуі қажет. Яғни ендігі жерде сөзсіз әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж немесе өмірлік қиын жағдайға душар болған, әрі белгілі бір объективті себептер (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектігі мен өзге де әлеуметтік әлсіздігі) бойынша бұл жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға берілетін болады. Еңбек қабілетін сақтаған үміткерлерге, қолдау белсенді бағдарламаларға қатысу шартымен берілетін болады. Бұл кәсіби даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама, жұмысқа орналастыру, балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру және т.б. қолдау шаралары болуы мүмкін. Мұндай қолдау отбасының табысын арттырып қана қоймай, көмек алушылардың жеке жауапкершілігін де арттырады. Мұндай технологиялар биылғы жылы қанатқақты негізде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында бастау алады.

Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа Жолдауына сәйкес «қазақ­стандықтардың әл-ауқатын арттыру» және «қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту» жаңа жағдайларда да әлеуметтік саясаттың ең маңызды бағыттары болып қала береді.

Тамара ДҮЙСЕНОВА,

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі.

Соңғы жаңалықтар