Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

Коронавирустан емдейтін препараттар тізімі аталды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігер және тележүргізуші Елена Малышева өзінің Instagram-парақшасында коронавирустан емдейтін препараттардың тізімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустан емдейтін препараттар тізімі аталды

Малышева коронавирустық инфекцияны емдеу стандарттары АҚШ ұлттық денсаулық институтының сайтында жазылғанын атап өтті.

«Біз – дәрігерлер көбіне америкалық стандарттарға назар аударамыз, өйткені олар дәлелді медицинаға өте байыпты қарайды», деді доктор.

Оның айтуынша, КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған негізгі препараттар – антикоагулянттар. Өткен жылғы зерттеулер науқастардың өлімі антикоагулянттар енгізіле бастағаннан кейін азайғанын көрсеткен. Алайда, оларды маман тағайындағаннан кейін ғана қабылдауға болатынын ескерген жөн.

«Бүгінгі таңда антикоагулянттар коронавирусты емдеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Антикоагулянттар бойынша бізде екі негізгі дәрі бар: бұл Ксарелто және Эликвис. Негізгі инъекциялық препарат – «Клексан», деді Малышева.

Дәрігер COVID-19 тиімді емдеудің екінші препаратын «Дексаметазон» екенін айтты. Оны амбулаториялық негізде тағайындауға тыйым салынады. Сонымен қатар, Малышева оны дәрігердің нұсқауынсыз қабылдауға кеңес бермейді. Оның айтуынша, препарат тек ауруханаларда тағайындалады: ол өлімді 30 пайызға төмендетеді.

Коронавирусқа қарсы тиімді дәрі-дәрмектер тізіміне «Актемра» (тоцилизумаб) және «Олумиант» (барицитиниб) те кіреді. Екі дәрі де өз тиімділігін дәлелдеп, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық ұсыныстарына енген.

Роликтің соңында Малышева вирустық инфекцияға көмектеспейтін дәрі-дәрмектерді атады. Оларға гидроксохлорохин, тамифлу, анаферон, кагоцел және антибиотиктердің барлық түрін жатқызды. Дәрігер осы аталған дәрі-дәрмектерді тағайындайтын дәрігерлерді тыңдамауға шақырды.