Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021

Вакцина алғандар коронавируспен қаншалықты жиі ауырады?

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы екпе алғандардың Covid-19-ға шалдығу ықтималдығы 10 есе аз. Талдаудың бұл нәтижесін «Олимп» клиникалық-диогностикалық зертханасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Вакцина алғандар коронавируспен қаншалықты жиі ауырады?

Вакцина алмаған пациенттердің 19,8%-да коронавирусқа ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Ал вакцина алғандар ішінде коронавируспен ауыру дерегі тек 1,8% пайызында кездеседі.

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы вакцинацияланған адамдардың коронавируспен қаншалықты жиі ауыратынын талдады.

2021 жылдың тамызында Нұр-Сұлтанда SARS-CoV-2 коронавирусына ПТР-тестінен 28 275 адам өтті, оның ішінде 19 130 вакцинацияланбаған және 9145 вакцинацияланған науқас.

Вакцинацияланбағандардың ішінде науқастардың 19,8%-ы немесе 3782 адам коронавирусқа ПТР-тесттен оң нәтиже алды. Вакцинацияланғандардың ішінде оң нәтиже тек 1,8% немесе 167 адамнан табылды.

«Бұл нәтижелер халықты вакцинациялау әрекеттерінің тиімділігін көрсетіп отыр. Біздің талдау көрсеткендей, екпе алған адамдардың коронавирусқа шалдығу ықтималдығы 10 есе төмен. Вакциналар аурудың алдын алуда шынымен де тиімді екеніне көз жеткізіп отырмыз. Өйткені коронавирус жұқтырғандар арасында вакцинацияланған науқастардың үлесі аз», деді зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов.