Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

Көлік апатынан 16 адам қаза тапты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатының Сонойта – Сан-Луис-Колорадо күре жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік апатынан 16 адам қаза тапты

Бейсенбі күні болған апат салдарынан 16 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды.

«Қазіргі кезде жарақат алған 22 адам туралы хабарлама келіп түскен, солардың ішінде алтауы ауыр халде жатыр. 16 адам қаза тапқан. Құтқару операциясы жалғасып жатыр»,  деп хабарлады аймақ прокуратурасы Twitter-де.

Көлік апатының себептері белгісіз. Прокуратура қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайларын тергеп-тексеруге кірісті.