Фото: РИА Новости / Григорий Сысоев
«Менің ойымша, қанша қиындық көрген бұл елден келетін қауіп-қатер айқын. Америка әскері кеткенде сол жерде өте көп қару қалды. Оның құны 85 миллиард доллардан асады. Босқындардың қоныс аудару қаупі бар», деді ол.
Мемлекет басшысы Қазақстанның осы мәселе бойынша Ресеймен және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен бір көзқарас ұстанатынына қанағаттанушылық білдірді.
Тоқаев сонымен қатар Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды, тәліптердің саясатын мұқият бақылап отырғанын айтты.
«Біз сөзіне емес, ісіне қарап бағалаймыз. Осы елде тұрақты бейбітшілік орнағанын қалаймыз», деді Президент.