25 Қаңтар, 2014

Қар құрсауынан 900 адам, 500 техника құтқарылды

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл жылдағыдай емес, қар мол түсіп, үскірік аяз бен қар­лы боран қарбалас тудыруда.  Апталап жауған қардың арты ақ түтек боранға ұласып, аудан орталықтарымен және ауылдармен қатынас қиындады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері аймақта ауа ра­йы­ның бұзылуына байланысты де­партаменттің жедел кезекші бөлімі ұялы байланыс операторлары арқылы халыққа ауа райының бұзылуы, тасжолдардың жабылуы туралы хабарламалар жіберуді үрдіске айналдырған. Жыл басынан бері аймақта облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдарды жабуға қатысты 12 жағдай тіркелген. Облыстық төтенше жағ­­­­­дайлар департаментінің бөлім­шелері арқылы аймақта жыл басынан бері он рет іздестіру-құт­қару жұмыстары жүргізіліпті. Нәти­жесінде, 900-ден астам адам құт­­­­­­­қарылған. Оның ішін­де 10 бала және екі жүкті әйел бар. Бұдан басқа 500 техника қар құрсауынан шығарылды. Бұл жұмыстарға 45 адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылыпты.

Биыл аймақта ақ түтек боран­нан адасып, арты қайғымен аяқталған екі жағдай тіркеліпті. 17 қаңтар күні  Алға ауданының Қарағаш ауылдық округіне қарасты Нұр­бұлақ ауылынан 1964 жылы туған азаматтың жоғалғаны туралы ақ­парат келіп түскен. Іздестіру ша­раларының нәтижесінде осы ауылдан 4 шақырым қашықтықтағы бейіттің жанынан жоғалған аза­­­маттың мәйіті табылған. Ал екін­­ші жағдайда 21 қаңтар күні 10 с­ағат 45 минутта Әйтеке би ау­дан­дық №7 өрт сөндіру бөліміне 18 қаң­тар күні Қарабұтақ ауылынан «Наден» қыстағына қарай екі адам­ның  жаяу шығып, із-түзсіз жо­ғалғаны туралы хабар түседі. Із­дес­тіру-құтқару жұмыстарына об­лыстық «Жедел құтқару жаса­ғы» мемлекеттік мекемесінің жеке құ­рамынан 3 адам мен бір техни­ка жұмылдырылып, іздестіру жұ­мыс­тары барысында екі қолы мен аяғын үсік шалған 1974 жылы туған азамат Әйтеке би аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Ал Еңбекту елді мекені маңынан 1979 жылы туған азаматтың мәйіті табылған.

Қазіргі уақытта облыс ау­ма­ғын­да қар жауып, боран тұруына байла­ныс­ты төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тәулік бойы тасжол­дарда құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар