03 Қыркүйек, 2021

«Отбасы банк» 12 мыңға жуық несие береді

939 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кезекте тұрған 34 мың қазақстандық отбасы соңғы үш жылда Отбасы банк арқылы баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасы банк» 12 мыңға жуық несие береді

Бұл туралы Отбасы   Банк-тың ресми өкілдері мәлімдеді.

Бірінші кезекте қоныс тойын көпбалалы және толық емес отбасылар, балалар үйінің түлектері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік мекеме қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер атап өтті. Олардың дені 1986 жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар. Атап айтсақ, 34 мың кезекте тұрған азаматтың 11,1 мыңы 2019 жылы жаңа қонысқа қол жеткізді, 13,8 мыңы 2020 жылы – өз үйлерін сатып алды, ал 2021 жылдың жеті айында жергілікті әкімдіктердің кезегінде тұрған тағы 9,1 мың азаматқа несие берілді.

Жыл соңына дейін Отбасы банк «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» және «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша тағы 12 мыңға жуық несие беруді жоспарлап отыр. Соңғысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Отбасы Банкіне («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 210 млрд теңге бөлді. Оның 131,3 млрд теңгесі қазіргі уақытта тұрғын үй сатып алу мақсатына несие түрінде берілген. Әкімдіктердің кезегінде тұрғандар «5-10-20» бағдарламасының қолайлы шарттарымен жеке пәтерлер сатып алды, мұнда 5% – несие мөлшерлемесі, 10% – бастапқы жарна және 20 жыл – несие мерзімі.

78,7 млрд теңге сомасындағы қаражат қалдығы тұрғын үй іздеп жүрген қатысушылардың мақұлданған несиелік өтінімдері бойынша несиелендіруге бағытталады. Жоба бойынша 6 мыңнан астам несиелік өтінім мақұлданды. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушылары тұрғын үйді baspana.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында ұсынылған жеке құрылыс салушылардан да, жергілікті атқарушы органдар салған тұрғын үйлерден де таңдай алады.

Мемлекет жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік тұрғын үй құрылысына 180 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл аймақтарда, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында шаршы метр құнының бағасын бекітіп, баспана салуға мүмкіндік берді.

Бөлінген қаражат толық көлемде игерілгеніне байланысты (мақұлданған несиелік өтінімдерді ескере отырып), «Отбасы банк» 2021 жылдың 9 қыркүйегінде «Шаңырақ» жобасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.

Сонымен бірге, baspana.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының «несиелік тұрғын үй» бағыты бойынша өтінім қабылдау жалғасуда.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025