Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда ішкі рейстер қалпына келе бастады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстандағы Ariana Afghan Airlines авиакомпаниясы ішкі рейстерді қалпына келтіретінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанда ішкі рейстер қалпына келе бастады

Фото: EPA/S. SABAWOON

Авиакомпания жұма күні ішкі рейстерді қайта бастайды. Бұл туралы France-Presse агенттігіне компания өкілі Тамим Ахмади хабарлады.

«Біз Талибаннан (Қазақстанда тыйым салынған) және авиация реттеушісінен рұқсат алдық. Бүгін ішкі рейстерді қалпына келтіруге дайындалып жатырмыз», деді ол.

Бейсенбіде Al Jazeera телеарнасы Ауғанстанның азаматтық авиация Бас дирекциясының өкіліне сілтеме жасай отырып, жұма күнінен бастап елде ішкі әуе рейстерінің қайта басталатынын хабарлады. Халықаралық рейстерді қалпына келтіру біраз уақыт алуы мүмкін екенін айтты.

Талибан билікті басып алған соң Ауғанстандағы әуе қозғалысын тоқтатты. Батыс мемлекеттерінің әскерін, азаматтары мен дипломаттарын эвакуациялау үшін Кабулдағы әуежайды пайдаланды. Оның техникалық жай-күйін бағалаған соң жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданған. Катар мен Түркиядан техниктер алдырып, соңғы бірнеше күнде қалпына келтіру жұмысы жүргізілген.