Биылғы Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жарыстың 11 түрінен күш сынасады.
Сочи Олимпиадасында біздің спортшылар шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіруден өтетін жарыстарға қатысады. Соның ішінде шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Ерлер жарысына Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волотка қатысса, әйелдер арасында өтетін бәйгеде Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова мен Анна Стоян бақ сынасады. Сонымен бірге, конькимен жүгіру жарысына Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев қатысса, әйелдер арасында өтетін сында Екатерина Айдова ғана ел намысын қорғайды.

Мәнерлеп сырғанау бәсекесіне Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен қатысады. Сочи Олимпиадасына шорт-тректен өтетін сынға Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никишин, әйелдерден Инна Симонова бара жатыр. Осы жарысқа фристайл бойынша 6 спортшымыз лицензияны жеңіп алды. Ерлерден могул бойынша Дмитрий Рейхерд, акробатикадан Сергей Берестовский, ал әйелдер арасынан могулдан өтетін додада Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова, акробатика бойынша Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова күш сынасады. Соңғы екеуі осы аптада ғана жолдамаға ие болды.
Олимпиадада біздің ел биатлон жарысында 10 спортшымызға үміт артады. Ерлер бәсекесінде Диас Кенешевке, Ян Савицкийге, Сергей Наумикке, Антон Пантовқа, Александр Трифоновқа, әйелдер бәсекесінде Елена Хрусталеваға, Марина Лебедеваға, Дарья Усановаға, Алина Райкова мен Галина Вишневскаяға үміт артатын боламыз. Шана спорты бәйгесіне 6 отандасымыз қатысады. Онда ерлер арасынан Артур Байбачинов, Сергей Коржнев, Юрий Веселов, Иван Макивчук, ал әйелдер арасынан Елизавета Аксенова, Татьяна Невзорова жарыс жолына шығады.
Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин және Мартин Хубер сынға түседі. Сонымен қатар, Екатерина Черепанова бақ сынасса, шаңғы қоссайысынан Сергей Шарабаев, сноубордтан Валерия Цой қатысады. Сондай-ақ, Сочиге тұғырдан шаңғымен секіруден Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев ел үмітін арқалап барады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».